Кешірімділік – көңіл кеңдігі.

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тренинг сабақ

Тақырыбы: Кешірімділік – көңіл кеңдігі.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға кешірімділіктің адам бойындағы жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешірімділікпен түсінушіліктен, ізгілікпен қарауға үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларды айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды кешірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Пікірсайыс.

Сабақтың көрнекілігі: Дәйексөздер.

Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру

2.      Шаттық шеңбері

3.      Ойланайық, пікірлесейік

4.      Оқу ақпараты

5.      Мәтінмен жұмыс

6.      Қорытынды. Жүретен жүрекке.

Шаттық шеңбері.

Оқушылар шеңбер құрып Т.Молдағалиевтің «Адам» өлеңін хормен айтады,

Адам күліп қарсы алады таң нұрын,

Адам жырлап жөнелтеді әр күнін.

Сәл қайғырса, ол ұғына түседі,

Дүниенің кеңдігі мен тарлығын.

«Ойланайық, пікірлесейік»

1.      «Кешірімді болу» дегенді қалай түсінесіңдер?

2.      Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер?

3.      Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме?

4.      Сені қандай жағдай өкпелетіп, ренжітеді?

5.      Басқаларға деген өкпе – назыңның себебіне үңіліп көрдің бе?

 

 

Оқу ақпараты.

Адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа өкпе, реніш нұқсан келтіріп, өзара түсініспеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек.

Өкпе, реніш – адамның көңіл күйіне, денсаулығына кері әсер етеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.

Мәтінмен жұмыс.

Мұқағали Мақатаевтың «Күндестік құрысын» өлеңінен үзінді.

Қандай рақат!

Жүрейік, достар, күнде өстіп,

Ренжу деген – білместік.

Бауырларым-ау!

Бәріміз бірге күн кештік.

Арамызға біздің қай жақтан келді күндестік.

1.      Адамдар арасындағы реніштің тууына не себеп болады?

2.      Күндестік, бақталастық деген сөздерді қалай түсінесіңдер?

3.      Күншіл, қызғаншақ адамдарға қандай кеңес берер едіңдер?

4.      Адам, адамға тек қуаныш сыйлауы керек деген пікірмен келісесің бе?

 

Қорытынды.

Жүретен жүрекке.

Оқушыларды шеңберге жинап, оқушылардың демін ішіне алып, сыртқа шығаруына және сонан соң аз үзіліс жасауын сұрайды. Сонан соң барлық оқушы жайдары, көңілді қалыпты сақтай отырып хормен мына сөйлемдерді қайталайды.

-          Мен жайдары – ақ көңіл және белсендімін.

-          Менің қолымнан барлығы келеді.

-          Мен айналама тек жақсылық тілеймін.

 

-          Мен бақыттымын.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.39 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 211

Похожие материалы