Кесте тiгу технологиясы 8 сынып

Предмет: Технология
Категория материала: Конспекты
Автор:

1.Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар.Сонымен қатар әр елдің табиғи ерекшелігіне ,этетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған.Қазақ әйелдері ерте кезден - ақ өздерінің киімдері мен үй керек - жарақтарын әшекейлеп кестелейтін болған. Қазақ әйелдеріннің киімдері жасына, қоғамдағы орнына байланысты әртүрлі болған. Ал қыздардың киіміне ерекше көңіл бөлген. Тұрмысқа шықпаған қыздар жібектен мақта матадан көйлек тігіп, әшекейлеп киген. Сол қолөнердің бір түрі – кесте тігу. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Қазақ халқының дәстүрінде киім кешек пен төсек орын жабдықтары кесте өрнегімен жиі безендірілген. Ғылым дамып, халықтың мәдени деңгейі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен үй жабдықтарының сапасы да өзгеріп отыр. Олардың жасалуы, ою – өрнектері талғамға қарай жаңа мәнер, жақсы әшекейлермен безендірілуі артып отыр.

2. Кесте түрлері:

Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас кесте, айқыш- ұйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте, және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп, кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою өрнек бойынша қармақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.71 Kb
Количество скачиваний: 26
Просмотров: 154

Похожие материалы