"Киіз басудың алғашқы қадамдары"

Предмет: Технология
Категория материала: Презентации
Автор:

      Оған жүн талшықтарының бір – бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынады.

 

   Киіз қойдың күзем жүнінен басылған,үй тұрмысында пайдалынатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі тайпаларды б.з.д. 1 мыңжылдықта белгілі болған. Нойын – улин мен Пазырық қоғамдарынан табылған заттардың ішінде киізден басылған бұйымдар да бар. Бұл киіз басу өндірісі ерте дамығанын көрсетеді. Киізден тек төсеніш қана емес, сонымен қатар сырт киім, байпақ (аяқ киім) тіккен.

       Бірнеше рет тазартылып, кірінен тазартылып

    қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабайды. Әуелі шидің үстіне арналған жүн шабақталады, яғни бұрын сабалған үлпілдек жүнді шиге салып екі адам шыбықпен көпсіте шабақтайды. (Шабақтау – шыбықпен жаймалау деген сөз). Содан соң ыстық су бүргіп орайды да белінен байлайды. Осы ораулы жүнді білектеп тапайды. Неғұрлым көп тапалып білектелсе соғұрлым киіз тегіс және тығыз болып басылады. Осы киізді шешіп кептіреді. Кептірілген киіздің көлемі кішірейіп тығыздалады. 

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 592.5 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 109

Похожие материалы