Көктем. Қандай? (3 - сынып)

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сыныбы 3

Күні

Сабақтың тақырыбы

Көктем

Қандай?

Мақсаты

Көктем туралы өз ойларын толық айтуға жетелеу, қандай сұрағының қолданылуын меңгеру.   

Күтілетін нәтиже

Көктем мезгілін сипаттауда қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді орынды қолдана алады.

Сабақта  үйренген лексикалық сөздерді әр түрлі қатынасқа түсіре алады.

Керекті жабдықтар

Презентация, оқулық, әдістемелік әдебиеттер,  жұмыс дәптері, бақылау күнделігі, АКТ мүмкіндіктері.

Флипчарт.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

 

 

3мин

 

 

 

 

2мин

Оқушылармен амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Релаксациялық музыка жіберу. Алтын балық  

Үстелдің үстінде жатырған алтын балықтарды алып бір тілек тілейді. Оны үлкен балыққа алып орналастырады.

 

Топқа бөлу (наурыз, сәуір, мамыр)

 

 

 

Балықтарды таңдап алып тілек ойлайды.

 

 

Тұсаукесер

7мин

Үйге берілген тапсырманы тексеру. «Менің сүйікті жыл мезгілім»                         

1,2,3 фонетикалық жаттығуын орындату

Ассоциация. Ой қозғау.           -  Қазір жылдың қай мезгілі?
-   Көктем деген сөзді айтқанда қандай сөздер ойларыңа келеді, ненің бейнесін бейнелейді?

 

     

 

 

 

 

 


Оқушылар үй тапсырмасын оқиды. Бағалау жүргізіледі. Үздік тапсырма анықталады.

 

 

 

Көктем сөзін ойлағанда, ойларына қандай сөздер келетінін айтады, жазады.

Мереке, ән, би, гүл, ағаш, жасыл жапырақ, жаңбыр, құстар.

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәтін таратамын топтарға.

 

 

 

 

Топтарға көктем туралы өлеңдер үлестіремін.

Сергіту сәті жасалады.

 

 

 

Жеке жұмыс.

Орындап болған оқушыларға кеңейтілген тапсырма, яғни сөйлесуден ұзақ құсы туралы әңгіме дайындап көру. 

 

Топтар мәтін бойынша тапсырмалар орындайды. Содан кейін сұрақтар қойып, жауап береді.

Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды, сосын өлең бойынша сурет салады. Постер қорғайды. Суретке ат береді. Сурет бойынша әңгімелеп береді. Топтық бағалау. Қай топтың жұмысы, түсіндіруі ұнаса, сол топқа жұлдыз жапсырады.

Оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді.

Сосын белсенді тақта арқылы тексеріп шығады.

Орындап болған оқушылар басқа топ болып бөлініп шығады. Бір оқушы тапсырманы оқиды, болғаннан кейін өз орындарына келеді.

Қорытынды

 Крестиктер-нөлдіктер

1.     Көктем айларын ата.

2.     Көктемде қар не істейді?

3.     Көктемде қандай мерекелер болады?

4.     Жыл мезгілдерін ата.

5.     Қыста адамдар не істейді?

6.     Күзде балалар қайда барады?

7.     Жазда күн қандай болады?

8.     Жазда қар жауады ма?

9.     Көктемде не жауады?

 

 

Сабақтан соң балалар өз-өздерін бағалады. Бағдаршам бойынша

 

Өзінің бұл сабақты қалай түсінгендігін көрсетеді.

Тақтаға топтың әр мүшелері бір-бірден шығып сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы крестик немесе нөлдік қойып отырады. 3 нөлдікті немесе крестикті бірінші боп сызған команда жеңіске жетеді.

 

 

Сабақ соңында маршруттық картамен жұмыстанады. Рефлексия толтыру. Жұмыс жемісті болды – жемістің суретін жабыстыру.

Текке кеткен күн – сары жапырақ

Жаман емес, ұнады – гүлдің суреті

Бүгінгі күнге көңілім толған жоқ - Жасыл жапырақ

 

 

Сабақтың өзіндік талдауы

Жаңаша оқытудың басты мақсаты – жаңа тақырыпты мұғалімнің түсіндіруі емес , оқушының өзі шығарып алуы . Үй тапсырмасын қорытып және жаңа сабақты бастау үшін , жаңа сабаққа түсу мақсатында , балаларға суреттер көрсетіп:  «не көріп тұрсыңдар?» деп  сұрадым. «Блум  таксономиясына» негізделген бұл сабағымда өзім оқып- үйреніп  жатқан әдіс- тәсілдерді,модуль  түрлерін  қамтуға тырыстым.

«Алтын балық» психологиялық  дайындығынан соң оқушылар  таныс  емес суретке өз болжамдары бойынша сипаттама берді. Нәтижесінде бүгінгі сабақтың тақырыбы анықталды. Бұдан соң жаңа тақырыпты өз беттерімен оқуды топтарға бөліп беру арқылы меңгерту мақсатын көздедім. Белгіленген минуттардан соң топтар өз жауаптарын түсіндірді.

«Талантты және дарынды  балаларды оқыту» модулі  бойынша («ынталандыратын», «күрделі») тапсырмалар белгіленді. Ол үшін кітаптағы сөйлесуден ұзақ құсы туралы әңгіме жазып көруді ұсындым. өзара сұрақтар әзірлеуді және ол сұрақтың жауабын өзі қорытындылауды міндеттедім. Cабақ барысында жеті модуль негізін қамтуға арналған тапсырмалар назардан тыс қалмай отырды. Атап айтатын болсам, мысалы: «Оқытуды басқару және көшбасшылық» бағытында суреттер арқылы жаңа тақырып атын шығаруды міндеттемей, тек қана сұрақтарға жауап беруді сұрадым. Міне, осы және өзара сұрақ әзірлеуде де сол сияқты топтық жұмыс кезінде мәтінді аударуда, сөйлемдерді оқуда  көшбасшылық өзінен- өзі анықталып, ол оқушылар сабақтың бүкіл өн бойында белсенділікпен сабаққа қатысып отырды.  Көшбасшылық мұғалімнің сабақ өткізудегі енгізген өзгерістері. Олай болса, тәжірибеден өту кезеңінде мектепте өзгерістер болып жатса ол мұғалім көшбасшылығының арқасы, ал сыныптағы топтар арасындағы белсенділік оқушы көшбасшылығының арқасы. Ал, «оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» топқа бөлу және постермен жұмыс жасаудан көрінді.«Оқыту мен оқуда ақпараттық –коммуникалық технологияларды (АКТ) пайдалану»сәті сабақтың тұсаукесер және сергіту сәтінде  интерактивті тақтаны пайдаланудан (слайд) көрініс тапты. Осы сәттерде яғни, оқушының өзін өзінің көзқарасымен бағалауында қандайда бір өтіріктерге жол берілер деген ойымның дұрыс болмағанына осы жолы да көзімнің жеткеніне қуандым.Ынтымақтастық атмосферасындатоптар бірін – бірі тыңдап, сұрақтар қойып, жауаптар берді.

сабағымның барлық оқушының белсенді қатысуымен, ынтасы мен жігерін жұмсай отырып, қызықты да еркін, ынтымақтастықта өткеніне қарап, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» ретінде деп есептеймін. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модуль талабына сәйкес диалогтің маңызын түсіндім:

*оқушылар тақырып бойынша өз ойларын білдірді;

*өз идеяларын дәлелдеді;

*оқыту барысында өз деңгейлерінің қандай екенін көрсете алды:

Бұл жұмыстардың барлығында да топтар жұптаса жұмыс істеп,келісімге келе отырып, бір- біріне сұрақ қоя білді

Жалпы, барлық модуль түрлері бірі мен бірі тығыз байланыста қолданылатынын осы сабақ өткізу үшін орта мерзімді жоспарлауды құру мен қысқа мерзімді жоспарлауды жасақтауда анық көз жеткіздім.

Сабақ бойынша өзгертулер

Бағалау критерийлерін құрып, жеке жұмыс беру кезінде жас ерекшеліктерін және қабілеттерін ескере отырып құру керек.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 21.41 Kb
Количество скачиваний: 10
Просмотров: 160

Похожие материалы