«Көктем» ашық сабақ 3сынып

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Бейнелеу өнері

Сабақтың тақырыбы: «Көктем».

Сабақтың мақсаты:

Білімдік: сюжетті композицияда қозғалысты беру тәсілі туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: адамды қозғалыста бейнелеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік; халықтық дәстүрге деген сүйіспеншілік пен құрметке, ақиқатқа деген эстетикалық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Жоспарланған нәтиже:

Пәндік: композициядағы эмоционалдық көңіл күйді бере алу тәсілін білу, суреттегі қозғалысты көрсете алу.

Тұлғалық: табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін, ақиқатқа деген эстетикалық қарым-қатынастарын айқындау.

Жүйелік-іс-әркеттік: сюжетті композиция туралы білімдерін қолдану, графикалық дағдылар мен адам денесін кескіндеу біліктерін меңгеру.

Сабаққа арналған материалдар мен құрал-жабдықтар:

Мұғалім үшін: көрнекі материал: адамдардың қимыл-қозғалыстары бейнеленген көктемгі пейзаж бен сюжетті картиналардың фотосуреттері және көшірмелері,

Оқушылар үшін: сурет дәптерінің парақтары, жай қарындаш, өшіргіш, майлы бояулар.

Пәнаралық байланыстар: музыка, дүниетану, әдебиет.

Сабақты жүргізу үлгісі:

         Жаңа материалды оқып-үйрену.

         Суретшінің картинадағы динамиканы беру тәсілін талқылап көрейік. Адамдардың дене қалпынан, қол-аяқтарының қозғалысынан олардың қимылын «көреміз».

Оқушылардың дене шынықтыру сабағында сыныптастарының бойынан қандай ерекшеліктер байқаранын, олардың жүгіргенде немесе секіргенде қалай қимылдайтынын және олардың қимыл-қозғалыстарындағы айырмашылықтар туралы айтып беруді өтіну.

Тақтаға адам денесінің түрлі қозғалыстарын сызып салу.

Практикалық жұмыс. Шығармашылық іс-әрекет.

         Оқушылар қозғалыстағы адамның суретін салу әдістерін түсініп алғаннан кейін негізгі суретті бейнелеуге кіріседі. Олар, «ауызша сурет салу» әдісімен суреттердің тақырыптарын нақтылап алады.

         Әртүрлі қимыл-қозғалыстарды көрсетіп, оларды түсіндіреді.

Кесте бойынша өз беттерінше жұмыс істейді.

Балалар «ауызша бейнелеу» тәсілімен суреттің тақырыбын анықтайды.

         Мұғалімнің іс-әрекеті

         Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу. Сабаққа дайындық. Қызығушылықтарын ояту.

Белсенді іс-әрекетке дайындау.

         Сабақты картиналар мен фотосуреттердің көктемгі көрініс көшірмелеріне қатысты әңгімеден бастауға болады. Олар адамның жақсы көңіл-күйімен қозғалыстағы қалпын тамаша жеткізеді.

         Көрсету үшін көктемге байланысты әр алуан сюжеттерді, мәселен, адамдардың ағаш отырғызуы, көктем мерекесін тойлауы т.с.с. таңдап алуға болады.            

         Оқушылардың іс-әрекеті

Жұмыс орнын даярлау.

         Фотосуреттерді қарайды. Әсерлерімен бөліседі.

         Мұғалімнің әңгімесі бойынша түсінік бере отырып, көктемгі мерекелер туралы не білетінін айтады.

         Жеке жұмыс.

         Балалармен жеке жұмыс істегенде мынандай ақыл-кеңестер беруге болады:

1. Суреттегі адамның қозғалысы барынша шынайы шығуы үшін мұқият болған дұрыс.

Суретті салған кезде оның эмоциялық жағын естен шығармаған жөн, бұл жерде бізге ашық түсті жарқыраған бояулар көмектеседі. Суретті  салған  кезде  қимыл-қозғалысты беруге бояулар көмектесетінін ұмытпау керек. Мәселен, бормен сызуды қозғалыс бағытымен жүргізсек, бұл динамикалың әсер тудырады.

         Өзіндік жұмыс. Оқушылар дайындама суретті орындайды, содан соң бормен жұмыс істейді.

         Рефлексия.

Балалардан сабақтан жаңадан не үйренгенін сұраймыз.

Алған білімдерін өзіндік бағалау. Біз түстің картинадағы көңіл күйге қалай әсер ететінін білдік. Сондай-ақ, қозғалыстағы адамдарды қалай дұрыс    бейнелеу керектігін білдік.                  

         Жұмыстарды ұжым болып қараған кезде оқушылар түс құралдарымен көктемгі табиғаттың көңіл күйі қалай берілгені және адамдардың қимыл-қозғалыстарының мәнерлі қолданылғанын атап өтеді.

         Қорытындылау.

         Сабақты қорытқан кезде адамның қимыл-қозғалысын ғана емес, қаунышты көңіл күйін мүмкіндігінше дәл бейнелеген жұмыстарды атап өту керек.

         Мұғалімге арналған анықтамалық.

         Композиция - (латынның compositio -құрастыру, шығару сөзінен).

         Көркем шығарманың құрылысы. Түпкі төркіні құрастыру, қиыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді. Оның элементтері - бірлікке ұштастырылған, бір-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған мақсатты көркем құрылым. Көркем шығарманың композициясы шығарма құрылысындағы көңілге қонымдылық пен сәйкестіктен, өмір шындығынан туады, өмірдегі қисындылықты, бір нәрсенің екінші нәрсемен жалғас, байланысты болатынын тірек етеді. Пластикалың өнерде композиция көркем форма түзілімінің (кеңістік пен көлемнің шынайы және бұлдыр құрылымы, симметрия мен ассиметрия, масштаб, ырғаң пен сәйкестік, реңк пен контраст, кеңістік пен көлем, өріс, топтастыру, бүтін мен бөлшектің сәйкестігі, реңктік шешім т.б.) жеке сәттерін біріктіріп тұрады. Композиция әдістері өнердің өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлың ой-түйінге сәйкес туындайды. Композиция шығарманың ішкі құрылымымен бірге оның сыртңы орта мен көрермендер арасындағы қатынасын да белгілейді.

         Үйден жұмыстарыңды аяқтап келіңдер.

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 31.89 Kb
Количество скачиваний: 33
Просмотров: 151

Похожие материалы