"Көңілді қыс" атты ашық сабақ
Предмет: | География |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Нурпесова Рабига Алиханкызы
|
Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейтуге, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата
білуге, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету. Тіл байлығын, сөздік қорын
молайту.Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Тақырыпқа сай қыс мезгілінің суреттері, қағаз қуыршақ, қар кесектері.
Билингвалды компонент: қыс-зима, қар-снег, ақ-белый, аққала-снеговик.
Сөздік жұмыс:аяз,тоңып қалу
Іс-әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері
Қане, қане тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Тұрып алып шеңберге
Амандасып алайық
Қайырлы таң қонақтар!
Қимылмен жасайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Рефлексиялық-түзетушілік
-Балалар мен сендерге «Бұл жылдың қай мезгілі?» өлең-жұмбақты оқимын, сендер мазмұнын мұқият тыңдап, жауабын шешуге тырысыңдар.
А Меңжанованың «Бұл жылдың қай мезгілі?» өлеңін оқиды.
Шанамен зырғып желетін
Коньки, шаңғы тебетін,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың?
-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінің табиғаттағы ерекшелігін білеміз бе?
-Ендеше, боран соққанын қимылмен қалай көрсетеміз?
-Қатты аяз болып тоңғанда не істейміз?
-Ал күн шыққанда не істейсіңдер?
-Жарайсыңдар балалар, қыс мезгілінде неше ай балады?
-Ендеше ай аттарын ретімен санай отырып атайықшы.
-Жарайсыңдар балалар, біз далаға шыққанда тоңбас үшін үстімізге не киеміз? Қане іс-қимылмен көрсетейікші.
-Балалар қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
-Қыста ауа таза болады, сондықтан да сендер ауырмас үшін таза ауада ойнауларын керек. Ойын арқылы денелерін шынығады.
-Балалар мынау ненің суреті?
-Аққаланы неден жасайды?
-Аққаланың түсі қандай?
Билингвалды компонент: қыс-зима, қар-снег, ақ-белый, аққала-снеговик.
-Аққала неше бөліктен тұрады?
-Бөліктерінің пішіні қандай?
-Ендеше барлығымыз қарды ұстап көрейік.
Ғажайып сәт.
Осы кезде әуенмен топқа Қарша қыз келеді.
Қарша қыз: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен ойнауға,өнерлеріңді тамашалауға орманнан келдім. Мына қорапшаның ішінде сендерге арналған Аяз атаның сыйлығы бар.
Тәрбиеші: Кел, төрлет, Қарша қыз.
-Балалар Қарша қыз құр келмепті, сендерге арнап тапсырмалар ала келіпті. Орындаймыз ба?
Қарша қыз: 1-ші тапсырма: Кім қыс туралы тақпақ біледі?
Тәрбиеші: Балалар, Қарша қызбен «Қар жинау» ойынын ойнап аздап серігіп алайық.
Ойынның шарты: Екі топқа бөлініп, жердегі қарларды жинап қорапшаларға салу. Қай топ көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Қарша қыз: 2-ші тапсырма:Дидактикалық ойын «Қуыршақты киіндір»
Ойынның шарты:Қағаз қуыршақты қыс мезгіліне сай киіндіру.
Қарша қыз: Жарайсыңдар балалар, менің тапсырмамды дұрыс орындадыңдар. Сендер өте ақылды, тапқыр екенсіңдер. Мені Аяз ата күтіп қалған шығар, орманға қайтайын. Сыйлығымды қабыл алыңдар. Келесі жылы кездескенше, сау болыңдар, балалар!
Тәрбиеші: балалар Қарша қызбен қоштасайық
Қарша қыз сыйлығын беріп, шығып кетеді.
-Балалар бүгін біз жылдың қай мезгілі туралыәңгімелестік?
-Бізге қонаққа кім келді?
-Жарайсыңдар балалар, енді келген қонақтарымызбен қоштасайық.
Балдай тәтті баламыз
Айтқан тілді аламыз.
Ойынменен өседі
Ойымыз бен санамыз.
Қол ұстасып бәріміз,
Жарасады сәніміз.
Көріскенше күн жақсы,
Сау болыңыз бәріңіз!
-Қыс мезгілі.
-Қар жауады, аяз болып, боран соғады.
Қолдарын жоғары көтеріп гуілдейді.
-Қолдарын қусырып, аяқтарын топылдатады.
-Алақай деп, қолдарын жоғары көтереді.
-Үш ай болады.
-Бірінші –желтоқсан, екінші-қаңтар, үшінші- ақпан.
-Басымызға бас киім, үстімізге тон, аяғымызға етік, қолымызға қолғап киеміз.
-Қар атысып, аққала жасап, шанамен сырғанап ойнаймыз.
-Аққаланың суреті.
-Қардан домалатып жасайды
-Ақ түсті.
Қайталап айтады.
-Үш бөліктен тұрады.
-Дөңгелек.
Барлығы қарды ұстап көреді.
-Сәлеметсіз бе, Қарша қыз?
-Ия, орындаймыз.
Балалар тақпақтарын айтады.
Балалар қар кесектерін жинайды.
Қуыршақты киіндіреді.
-Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілінін ерекшілігін біледі.
Игереді:Мезгілге сай киінуді.
Меңгереді: оқу іс-әрекеті барысында алған дағдыларды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.7 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |