Күнтізбелік жоспар

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Түсінік хат   «Өзін-өзі тану» оқу пәні ретінде  Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің базистік оқу жоспарының мемлекеттік компонентін құраушылардың бірі болып табылады. Базистік оқу жоспарында өзін-өзі тану білімінің «Адам және қоғам» саласындағы міндетті пән ретінде бастауыш, негізгі орта,  жалпы орта білім беру деңгейлерінде оқыту көрсетілген.  Өзін-өзі танудың пәндік саласы әр оқушының ішкі жан-дүниесін байытуы және өзіндік қайталанбас жеке даралығын пайымдауы арқылы табиғи қабілеттіліктері мен жасампаздық әлеуетін ашуға бағытталған мақсатты білім беру үдерісін ұйымдастыруды көздейді. Өзін-өзі тану пәнінің оқу-әдістемелік құралдары оқушылардың қоғамға және өз-өзіне қызмет етуіне бағытталып, олардың жасампаздық белсенділігін танытуға мүмкіндік беретін өмірлік маңызы бар, кең ауқымды біліктілік дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. «Өзін-өзі тану» оқу пәнін Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінде оқыту ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартына ҚР МЖБС (2.3.4.01–2010), сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы) негiзiнде жүзеге асырылады.  «Өзін-өзі тану»  пәнін  2- сыныпта оқытуға  аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағат бөлiнген.    Оқу материалы жүйеленіп, 4 тарау бойынша беріледі: 1)      «Өзін-өзі тану бақыты» - 8 сағат; 2)      «Адами қарым-қатынасқа үйренейік» - 8 сағат; 3)      «Адам болам десеңіз...» - 8 сағат; 4)      «Әсемдік әлемінде» -10 сағат Орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығына, сонымен қатар осы аталған бұйрыққа толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 9 сәуірдегі № 160 және 2010 жылғы 1 маусымдағы № 268 бұйрықтарына сәйкес бекітілген  «Өзін-өзі тану» оқу  пәні бойынша оқу-әдістемелік кешендер пайдаланылады
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.37 Kb
Количество скачиваний: 49
Просмотров: 193

Похожие материалы