Композициядағы қозғалыс
Предмет: | ИЗО, МХК |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Демеуова Хиуаз Султановна
|
Ой қозғау стратегиясы арқылы оқушыларға жаңа сабақты ашқызу.Тақтаға қозғалыстағы композицияны щығару арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Сұрақтар қойылады.
- Бұл не? Бугінгі сабақ не туралы болады?
- Суретте не бейнеленген? Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз қозғалысты зерттейміз.Жаңа тақырыбымыз «Композицияда қозғалысты бейнелеу тәсілдері» деп аталады.Мына суретте қозғалыссыз адам бейнеленген.Мұндай композицияны тепе-тең деуге болмайды.Ендігі композицияда адам парақтың сол жағынан оңға қарай жүгіріп барады. Композицияға қарап біз тыныштық қалпын сезінбейміз.Себебі бейнеленген дене қозғалыста және оңға қарай жүгіретін орын бар.Егер парақтың ортасына қозғалыстағы денені бейнелесек, тепе – теңдік сақталғанымен композиция әсерсіз әрі қозғалыс нашар беріледі.Сондықтан 1.Дененің қозғалысын көрсету үшін оның алдына бос кеңістік қалдыру керек.Енді жоғарыдан секірген адамды бейнелеп көрелік.Ол үшін денені диоганаль бойынша орналастыру қозғалыс әсерін күшейте түседі.Егенр денені төменгі оң жақ бұрышқа орналастырсақ, онда денені суға немесе жерге түскен сәтін бейнелейсің.Денені парақтың дәл ортасына бейнелеу ең сәтсіз композиция болады.Өйткені дене қозғалыссыз қатып қалғандай әсер береді.
Біздер бүгін нені бейнеледік? Қағазға бейнені қиғаш орналастыру
Динамика деген не? Бос кеңістік
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 24.92 Kb |
Количество скачиваний: | 33 |