Конспект мероприятиии на тему «Айналайын» шағын орталығының салтанатты ашылуының әзірлемесі.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Жумагалиева Алтын Тасбулатовна
|
«Айналайын» шағын орталығының салтанатты ашылуының әзірлемесі.
1 бөлім. Шағын орталықтың алдына әсем ән әуенімен екі жүргізуші шығады.
1-жүргізуші, 2-жүргізуші.
1.Қош келіпсіз, қонақтар,ауылыма
Сән-салтанат әкелген ауданыма.
Армысыздар,ата-ана,ағайындар,
Жиналған балабақшаның сауығына.
2 . Ауыл қамын ойлап жүрген ағалар,
Біздер бармыз өздеріңді бағалар.
Қуанышты сыйлай білген сіздерге,
Шексіз риза, ата-ана , балалар.
1. Бақшамыз қуанышқа тола берсін,
Сіздердей қамқоршылар бола берсін.
Балаларға жаңа өмірге жол ашып,
Алғысымыз бақыт болып қона берсін.
2. Бүгін біздің бақшада дүбірлі той,
Ден қойып, тыңдаңыздар көңілді қой.
Жырдан шашу шашылсын,күй күмбірлеп,
Қош келдіңдер , халайық сергісін бой.(фейерверк атылады)
(Осы кезде періште келеді)
Періште:Қандай ғажайып әлем! (таң қалады) Бұл «Айналайын» балдырғандар елі ме? Бұл елде өте әдемі , ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар бар деп естіп, шағын орталықтың сиқырлы кілтін әкелдім-деп кілтті көрсетеді.
1.Жүргізуші:Шағын орталықтың және кішкентай бөбектердің жүрегіне жол табатын алтын сиқырлы кілтті табыс етіледі.
Лента қию рәсімі.(Күй орындалады)
Шағын орталықтың ашылу салтанаты ішіне саяхатпен жалғасады.
Қонақтарды ақ әже қарсы алады.
Ақ әже:Құрметті қонақтар қош келдіңіздер, қадамдарыңыз құтты болсын төрлетіңіздер. Ал балалар қонақтарды қарсы алайық.
І жүргізуші
Бүгін балдырғандардың үлкен мейрамы.Елбасы тапсырмасының «Балапан»бағдарламасының іске асыру мақсатында жаңадан сәні мен сәулеті жарасқан көз сүйсініп, көңіл қуанатын «Айналайын»шағын орталығы бой көтеріп, бүлдіршіндерді қарсы алуға есігін айқара ашып отыр.
ІІ жүргізуші
Тәуелсіз еліміздің келешек ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Шағын орталық-мектепке дейінгі тәрбие мен білім берудің негізгі арқауы.Халқымыздың әдептілік,инабаттылық,мейірімділік,қайырымдылық,ізеттілік,қонақжайлық қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіретін білім ұясы.
І жүргізуші
Қандай ғажап,қараңыз жан-жағыңа
Күміс күлкі сыймай тұр,қара мұнда
Бүлдіршіннен бақытты жан бар ма екен?!
Қол жеткізген аңсаған арманына.
Ортада тұр бақшамыздың бөбектері,
Лүпіл қағып кішкентай жүректері-дей келе ортамыздағы қуаныш иелеріне сөз берейік.
Ж.Ербол: Нұрсұлтан ата- басшымыз,
Елімізді көркейткен.
Оның атын бәріміз,
Ұмытпайтын жандармыз.
А.Анель: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздерме!- деп
Сәлемдесіп аламыз.
Анель: Халқым бізге сенеді,
Ұрпақ оған қуаныш.
Ұстаз жақсы көреді,
Балаларды тіл алғыш.
Б. Әділ: Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшсын ойымыз.
Өсіп оймен санамыз,
Өмірге жол саламыз.
Арайлым: Шөліркемей гүл тұрсын,
Жерім жайнап құлпұрсын.
Нұрын сыйлап біздерге,
Көкте мәңгі күн тұрсын.
Ернұр: Отаным, елім, мекенім
Отанымды мәңгі сүйіп өтемін.
Нұрдәулет: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам болып шығамыз.
Таза сәби жүректен,
Ағаларға мың алғыс.
Катя: Қазақ жері-сәніміз,
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер,
Балдай бала шағымыз.
Рамазан: Отанды біз атамекен,
Деп аялап атаймыз.
Өйткені оны мекен еткен,
Бабамызбен атамыз.
Арман:Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-өніп толамыз.
Үлкен болып ержетіп,
Елімізді қорғаймыз.
Б.Шыңғыс: Біздің дала –бай дала,
Алтын астық айнала.
Әділ:Отан сенің ата-анаң,
Отан-досың бауырың.
Отан-өлкең Астанаң
Отан-аудан,ауылың.
Айбын: Отан деген-атамекен,
Отан деген –туған жер.
Отан-ана,Отан –үлкен.
Қазақстан- туған ел.
Диана: Аялап ару ананы,
Өсірген еркін баланы.
Бесігім болып тербеткен,
Отаным Қазақстаным!
Өлең: «Балабақша бағында»
2 жүргізуші
Армысыздар көпшілік өнер сүйер,
Тамашаға тоярлық болар бір ел.
Шағын орталық сәбилері көрерменге,
Құрметпенен алдарыңда басын иер.(Балалар басын иеді)
1жүргізуші:Қуанышқа қуаныш қосылып бір,
Ал ағайын жүректен төгілсін жыр.
Бұлбұл қызың ортада күміс көмей,
Ән шашу шашады себей-себей.
Ән: Рүстемова Арайлымның орындауында «Балалық шақ»
2 жүргізуші
Мың бұралып билеген,
Қыздарды кім сүймеген.
Күміс көмей қыздарға,
Кімдер басын имеген- деп ортамызға шығыс биімен «Қыздар» тобын шақырамыз.
Періште:Қандай керемет, өнерлі балалар. Шағын орталықтарың да көз сүйсініп,көңіл қуанатындай әсем ғимарат.Іші бүгінгі заман талабына сай безендіріліп,жаңа үлгісіндегі жиһаздармен жабдықталған екен. Балалар менің елге қайтатын уақытым болды, рұқсат бересіңдерме?
Жүргізуші: Балалар періштеге рахмет айтып қоштасайық.
Періште:Достар хош болыңдар, кездескенше күн арайлы болсын!-деп кетеді.
1 жүргізуші
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын
Болсын солай әрбір күнің әр айың.
Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,
Мерекеңіз құтты болсын ағайын!-деп сөз кезегі ата-аналарға беріледі.
2 жүргізуші
Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер,
Балалардың жақсылығын көріңіздер.
Рахмет сіздерге жаны жомарт ағалар,
Ұмытпай жиі-жиі келіңіздер.
(Осы кезде шашу шашылады)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.35 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |