Конспект на тему "М дыбысы және әрпі"
| Предмет: | Начальные классы |
|---|---|
| Категория материала: | Конспекты |
| Автор: |
Гарипова Баян Маратовна
|
Мы восстанавливаем материалы только с согласия их авторов.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Балаларды М дыбысы және әрпімен таныстыру.
Дамытушылығы: М дыбысы мен әрпі арқылы балалардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін,танымдық іс-әрекеттерін,шығармашылығын,сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелігі: Балаларды ұқыптылыққа,сауаттылыққа,табиғатты қорғауға,оқуға дағдыландыру.
1-тапсырма,аялдама бақаның тапсырмасын орындайық.
- Бақаның тапсырмасы мынадай, «мен саған, сен маған» ойынды доп арқылы өткен әріпті қайталаймыз. Ал балалар, ойынымызды бастамас бұрын ойынның шартын түсіндіріп кетейін. Мен сіздерге допты лақтырып отырып, сіздер маған Д әріпіне басталатын сөз айтып отырасыздар.
2-тапсырма,аялдама тышқанның тапсырмасы.
- Бұл тапсырмада жұмбақ шешеміз.
- Жұмбақтың жауабы арқылы жаңа әріппен танысамыз.
- Мысық деген сөзде бірінші қандай дыбысы естіліп тұр?
- Айтып көрейікші.
М дыбысы дауыссыз дыбыс.
ма, му, мо, ме, ми, ( бірге оқыту)
- М әріпіне тышқан бізге қандай тапсырма дайындап қойғанын көрейік , оны орындауға тырысайық.
«Сөз ойла, тез ойла» ойыны.
Жақсы балалар,ендеше бүгінгі сабағымызда М әріпімен таныстық
- Екінші аялдамадан да өттік,алда тағы аялдамалар бар екен.
- Балалар, әрбір тапсырманы ұқыпты орындайық, өйткені тапсырма сайын үйшіктің ірге тасы, қабырғалары қаланып жатыр.
| Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
|---|---|
| Размер: | 19,6 КБ |
| Количество скачиваний: | 33 |