Конспект на тему "Құзіреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шинтимирова Амина Камешовна
|
12-жылдық білім беру аясында математика пәнінен құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар
Алғысөз
Оқушылардың білім деңгейіне мезгілімен айқын, дәл баға беру олардың білімге құштарлығын арттыруға түрткі болары сөзсіз. Сонымен қатар оның тәрбиелік маңызы да зор. Сол себепті тапсырмалар оқушылардың тек білімінің деңгейі ғана емес, олардың күтілетін нәтижелерге жетудегі әрбір қимылы, яғни әрбір іс-әрекеті тексерілетіндей етіп жасалды. Сонымен қатар төмендегідей ғылыми негіздемеге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттіліктің үш деңгейіне жетуге мүмкіндік алуына жағдай жасалды.
1) Мазмұны бойынша тапсырмалар оқушылардың:
- математикалық ойлауын;
- математикалық жағдаяттарды ауызша және жазбаша дәйектеу біліктерін;
- проблема қою және оны шешу біліктерін;
- математикалық модель құру, математикалық тілді пайдалану біліктерін дамытуға мүмкіндік жасасуы тиіс.
2) Тапсырмаларды түзуде математикалық құзыреттіліктің үш деңгейі ескерілді. Оның біріншісі математикалық фактілерді мазмұндауды, есептеу әдістерін және есептеуді орындауды қамтиды, екіншісі, қойылған міндетті шешу үшін қажетті әртүрлі математикалық тақырыптардан алынған материалдардың байланысын анықтаумен және оны интеграциялаумен сипатталады. Үшінші деңгей жалпылау мен интуицияны қажет ететін математикалық ойлауды талап етеді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 18.52 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |