Конспект по әдебиеттік оқу на тему : " «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы."

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Әдебиеттік оқу 3- сынып

                                                                                  

Сабақтың тақырыбы: «Жазғытұры». Абай Құнанбайұлы.

Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі және табиғат лирикасы арқылы әдеби білім көкжиектерін кеңейту.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже. Өлеңді оқып, ақынның табиғатты, ауыл өмірін бейнелеудегі ерекшелігін сезінуге және лирика туралы алғашқы қарапайым түсініктер алуға мүмкіндік жасау.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі. Қайталау арқылы еске түсіру, білетіндерін санада жаңғырту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Тұлғалық нәтиже. Өмірмен байланыстыру арқылы әсемдікті көре және ести білуге, көргені мен естігенін көркемдеп айта білуге жағдай туғызу.

Сабақтың көрнекілігі: көктем табиғаты бейнеленген түрлі түсті сурет, ақын портреті.


Сабақтың барысы:

/. Қызығушылықты ояту.

Абайдың бұрын өтілген, балалар білетін өлеңдерінен бір-бір жолдан үзінді оқылады.

Тапсырма. Оқылған өлеңді әрі қарай жалғастырып айтып жіберу. Ол үзінді қандай өлеңнен алынғанын атау.
Мысалы:

«Ой, балалар, балалар!...»

«...Басқан жері сықырлап келіп қалды».

«Аппақ қардан омбылап...».

-Иә, балалар, сендердің есте сақтау қабілеттеріңе мен әрі қызығып, әрі қуанып тұрмын.  Қыс кезінде сендер Төлеген Айбергеновтің «Қыс» өлеңін оқығанда:

«Аппақ қардан омбылап,

Көктем іздеп келем мен» - деп іздеген көктеміне де жеттік. Бүгін біз Абай атамыздың «Жазғытұры» өлеңімен танысамыз.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 42 Kb
Количество скачиваний: 7
Просмотров: 84

Похожие материалы