Здесь была ссылка на работу Конспект урока на тему "Подвижные игры" автора Темиров Абдрахман Мугалханович.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Шынықсаң шымыр боласың
Жарияланды 19-01-2015, 16:09 Категориясы: Дене шынықтыру
Тақырыбы: Шынықсаң, шымыр боласың
Түрі: Сайыс
Құрметті! Ұстаздар мен ата - аналар!
Бүгін «Шынықсаң, шымыр боласың» атты тақырыпта «Әкем, шешем және мен» сайысын өткізгелі отырмын.
Сабақтың мақсаты:
1. Жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту қамқорлық жасау, эстетикалық дене мүшесін сомдау. Ата - аналар, ұстаздарп мен жұртшылық өкілдерін ынтымақтастыру.
2. Қимыл қозғалысты дамыту арқылы күш – қуатын молайту, шымырлыққа шапшаңдыққа дәлдікке, қозғалыс дағдыларын игерту.
Әдісі: Ауызша, түсіндіру
Көрнекіліктер: Доп, қап, картоп, секірме
Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушыларды шақырамыз.
Бүгінгі сайысымыз 6 шарттан тұрады.
І шарт: Допты жерге соғып жүру
ІІ шарт: Секірме мен секіру
ІІІ шарт: Қаппен секіру
ІV шарт: «Картоп егу» ойыны
V шарт: Сауалнамалық сұрақтарға жауап беру
VІ шарт: « Буынсыз дене майысар» (би қозғалысы)
Әке, шешем көңіл қойса дем беріп
Спортты біз сүйер едік тең көріп
Салауатты өмір салтын сақтайық
Спорт қана қамалымыз ең биік
Қазағымда спорттың аты да бар
Ойындар көп, бар елді мойындатар
Бірі жеңіс, біреуі ұтылатын
Топтық ойын жарысын қызықтаңдар
І шарт бойынша: Допты жерге соғып белгіден айналу.