Конспект занятия по развитие речи на тему: "Ғарышкер ағалар"
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Утегенова Айгерим Жаналиевна
|
Өтегенова Әйгерім Жаналықызы
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М.Әбдіхалықов атындағы орта мектебі
Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі
Тақырыбы: «Ғарышкер ағалар»
Мақсаты: білімділік: Көктем туралы білімдерін толықтыра түсу,көктем ерекшеліктерін мерекелерді естеріне түсіре отырып әңгімелету.Ғарыш,ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру және мағлұмат беру.Сөздік қорларын байыту.
Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін,ой-өрістерін,зейіндерін,көріп тану қабілеттерін дамыту,дүниетанымдарын кеңейтіп,қиялдарын шарықтату.
Тәрбиелік:Табиғат сұлулығын сезінуге,оны қорғауға, батылдыққа, адамгершілікке,ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:Әңгімелеу,сұрақ-жауап,ой қозғау, көңіл-күйді көтеру,сурет бойынша әңгіме,ойша саяхат,ойын.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту,құрастыру
Көрнекіліктері:Көктемгі табиғат құбылыстарының атрибуттары,геометриялық пішіндер,суреттер және интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: Ғарыш,ғарышкер,ғалам.
Алдын-ала жүргізілген жұмыс: Балаларға ғарышкерлер мерекесіне орай тақпақтар жаттату.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Амандасу:
Қайырлы таң!Ормандар мен далалар.
Қайырлы таң!Достасқан бар,балалар.
Қайырлы таң!Біздің мектебіміз!
Қайырлы таң!Жора-жолдас,ұл мен қыз.
Ой туғызу: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер.Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
( Балалардың жауабы)
Осы көктем мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді?
- Наурыз айы
- Дұрыс айтасыңдар, балалар.Ал осы наурыз айында біз қандай мерекелерді тойладық?
( Балалардың жауабы )
- Балалар,кәне бәріміз осы көктем ерекшеліктерін есімізге түсіре отырып, әуен арқылы көрсетсек қалай болады?
- Иә,көрсетейік.Балалар бетперделерін киіп әрқайсысы өз орындарына жайғасады.
Әуен орындалып,күн күркірейді.Бұлт бейнесіндегі балалар шығады:
Бұлттар:
Жер анаға көмегім
Жаңбыр болып төгемін,
Төмендеймін,көлбеймін
Бөгелмеймін,өрлеймін.
Тамшылар:
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Күркіреп,дүркіреп
Бұлттар, бұлттар ойнашы,
Сіркіреп,дүркіреп.
Бұлттар:Нөсер, нөсер төк-төк
Болсын егін көп-көп.
Сулар:
Сылдыр, сылдыр,сылдырлап,
Су ағады сыңғырлап.
Бау - бақшаны аралап.
Су ағады жағалап.
Тамшылар кетіп,бұлттың арасынан Күн шығады:
Құшағын ашып шуақты
Күнмін алтын сияқты.
Кемпірқосақ:
Мөлдіреп моншақ шашылды,
Аспан шайдай ашылды.
Көкте қызыл,жасылды
Кемпірқосақ асылды.
Құстар:
Көкке қанат қағамыз,
Көктем әнін саламыз.
Гүлдер:
Бәйшешекпіз құлпырған
Көрік берер далаға
Күй ойналып,наурыз мерекесінде жүргендей қимыл жасайды.
- Ал, бұл көктемнің осы айы нешінші айы?
- Екінші айы.
- Осы ай қалай деп аталады?
- Сәуір айы деп аталады.
- Иә,бұл сәуір айында да, бір үлкен мереке бар.Ол – ғарышкерлер мерекесі.
Қандай мереке?
- Ғарышкерлер мерекесі.
Ғарышкер дегеніміз олар ғарышқа,аспан әлеміне ұшатын адамдар.
Аспан әлемінде де,көптеген ғалам бар.Ал біздер жер ғаламында өмір сүреміз
Қандай ғаламда өмір сүреміз?
- Жер ғаламында өмір сүреміз.
- Балалар,сендер қандай әуе көліктерін білесіңдер?
- Ұшақ,тікұшақ,зымыран.
- Иә,ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп те атаймыз.Олар ғарышқа ұшып барып,аспан әлемін зерттейді.Біз бүгін ғарышкер ағалармен,аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық. Сурет арқылы әңгімелеу.
Мына суреттегі ең алғаш ғарышқа ұшқан адам,ол Юрий Гагарин деген кісі.Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі.
Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышерлері - Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев деген ағаларымыз.
Бұл кісілер біздің еліміздің мақтаныштары.Олар ержүрек,батыр,халық қаһармандары.
Ғарышкер.
Байқоңырдан ұшады алып кеме,
Тоқтар, Талғатқа жетпейді ешбір теңде,
Қазақ атын шығарған ағаларға.
Дән риза өлі аруақ бабалар да.
Болу үшін ғарышкер…
Тоқтардай,Талғат ағалардай
Болу үшін ғарышкер
Жұрт қызыға қарағандай
Болу үшін намысты ер
Келмейтіні жоқ деді атам
Намысты ердің қолынан Қиялға мен ұзақ батам,
Намыс керек соны ұғам.
Қасиетті,қайратты ер
Қандай қ иын болмасын
Атанады ғарышкер.
Осы кісілер сияқты батыл,ержүрек болу үшін,білімді,тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек.
Ал мынау аспан әлемі.Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар, шоқ жұлдыздар бар.
- Аспанда тағы нелер болады,балалар?
- Күн,ай,бұлттар болады.
Ал мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі.Онымен адамдар аспанға ұшып,аспан кеңістігін зерттейді екен.Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен.Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде өзіміздің Қызылорда облысында орналасқан.
Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы киім, яғни скафандр киген.Ғарыш кеңістігінде ауа жоқ,сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады.
Балалар,біз ғарышкерлер туралы тақпақ жаттаған едік қой.Қане есімізге түсірейікші,кім айтады Балалардың тақпақтары.
Бүгін Юрий ағаның
Ұшқан күні ғарышқа
Мен аспанға қараймын
Мен ғарышкер боламын
Ғарыш сондай алыс па?
Аспан, аспан арайлым,
Саған жиі қараймын
Сені көзбен шоламын
Көкке ұшамын
Ұшқыш болар баламын
Соңынан ерем ағаның
Ер ғарышкер ағаның
Батыр болам -
Көк аспанда сүйемін.
Жұлдыздарға барып - келіп жүремін.
-Балалар,сендер де ғарышқа ұшқыларың келе ме?
-Иә,ұшқымыз келеді.
-Ендеше,мына зымыранға қарайықшы.Дене бөлшектері қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды?
Төртбұрышқа,шаршыға,үшбұрышқа,дөңгелекке.
Өзімізге осындай зымыран құрастырсақ қайтеді?
Ендеше,мына жерде әртүрлі геометриялық пішіндер бар.Соларды мына тақтадағы суретке қарап тұрып,құрастырайық.
Балалардың ұжымдық жұмысы.
Міне,біздің де зымыранымыз дайын болды.
-Енді қиялымызға ерік беріп, бір сәт бізде ғарышқа саяхаттап қайтайық.
Қане ұшуға дайындаламыз.3,2,1 ал ұшып барамыз,ұшып барамыз.
Алдымыздан үлкен бір ғалам көрінгендей.Қонуға дайындаламыз.3,2,1.Қондық.
Балалар,біз «таңғажайып табиғат» әлеміне келгендейміз.Міне қараңдаршы,
бұл ғаламның суы да,талдары да біртүрлі екен,ия. Мынау не?
-Құстың ұясы.
-Иә, ол төменде жатыр.Ал көбелектері қайда ұшып жүр?
-Суда ұшып жүр.
Иә,бұл ғаламда бәрі керісінше екен.Қане бұларды өзіміздің жеріміздегідей әр нәрсені өз орнына орналастырайық.
«Өз орнын тап» ойыны:
-Жарайсыңдар, балалар.Қане ұшуды жалғастырайық.
-Міне,біз тағы бір ғаламға жақындап қалдық.Қане қонамыз.
-Сендерге не ұнады?
Қорытынды. Мадақтау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 1.79 Mb |
Количество скачиваний: | 7 |