Здесь была ссылка на работу Коучинг « Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру» автора Наванова Гүлнәр Наванқызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Апта 4 Коучинг 1 Сабақ тақырыбы Топтық жұмысты дұрыс ұйымдастыру. Жалпы мақсаты Мұғалімдер коучинг сабағының соңына дейін, топтық жұмысты теорияға сай ұйымдастыруды үйренеді Күтілетін нәтиже Коучинг сабағынан соң, мұғалімдер топтық жұмысты дұрыс ұйымдастырып үйренеді . Түйінді идеялар Қарым-қатынас дегеніміз өзімізді басқаларға бейімдеу. Әдебиет 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 2. А.Әлімов Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері . Коучтің әрекеті/ уақыты І. Ұйымдасыту: 1. СЕРГІТУ СӘТІ. “ Қара жорға” жаттығуы. Мақсаты: Мұғалімдердің көңіл- күйі көтеріледі, азда болсын денесі шынығады; 2. ТОПҚА БӨЛУ . « Тәтті тілектер» ойынымен ұжымды 4 адамнан 3 топқа бөлемін. Мақсаты: Мұғалімдерде бір – біріне тәтті тілектер айту арқылы жылы қарым- қатынас орнайды. 1.Ағымдағы мәселені зерттеу – 10 мин. «Топтық жұмыс» сөзіне кластер құру; -жеке: - жұппен; - топпен; - ұжыммен. Әр топ жұмыстарын қорғайды – 5 мин. Ортақ шешім қабылданып, ортақ постерге түсіріледі. 2.Нәтижеге жетер жолдағы ішкі және сыртқы кедергілерді анықтау; 20 мин Бейнежазба (видеоролик) « Топтағы жұмыс» қарастырылады. – 8 мин Топтағы жұмысты әр топ сырттай бақылап, жеке, жұппен, топпен талқылап, « Қандай кедергіге тап болдық?» сұрағына жауап береді. Топта қандай сәтсіздіктер орын алды талқыланады. Топта жұмыс істеу рөлдері талқыланып, ортақ шешім қабылданады. 3. Кедергіден шығу жолдарын өңдеу және талдау – 15 мин Сонымен, топта жұмыс істегенде, оқушы санына байланысты оқушылар рөлдерге бөлінеді. 1 – ші оқушы – басшы; 2 – ші оқушы – хатшы; 3- ші оқушы – баяндаушы; 4- ші оқушы – таймкипер т.б. Әрбір топ Топта жұмыс істеу ережесін топтарында жеке, жұппен, топпен, ұжыммен талқылап, ортақ шешім қабылдап, ереже ретінде бекітіледі. 1. Уақыт. 2. Есту. 3. Сыйлау. 4. Пікір құндылығы; 5. Шешендік; 6. Тәртіп. ТОПТЫҚ ЖҰМЫС ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛЫҚ Топтық жұмыс – ынтымақтастық пен өзара іс-әрекеттегі жұмыс Топ жұмысын ұйымдастыру Топ жұмысы маңызды ма неліктен? Маңызды - Оқушылардың қарым-қатынасы нығаяды - Алынған ақпаратты бөлісе алады, өз тілімен түсіндіреді - Өз тілімен түсіндіреді - Балада сенімдік пайда болады - Балалар бір-бірін қайталамайды - Топтан топқа бейімделеді - Топта ұйымшылқы пайда болады 3. Нақты нұсқаны таңдау; Топтық жұмыс. « МӘСЕЛЕНІҢ МАЗМҰНЫ» мәтінімен топтық жұмыс. Топтағы ережелерді толық сақтай отырып жұмыс жасайды. Топта бірлесе жұмысс істей отырып, « Білу қажет!» кестесін толтырыңыздар МӘСЕЛЕНІҢ МАЗМҰНЫ. Сіз жол қауіпсіздігінің күндізгі кезегінің инспекторысыз. Маусым айының қапырық ыстық таңғы мезгілі, сағат 6:00. Сізді телефон қоңырауы оятты. Телефон тұтқасын алғанда: « Шығыс бағытындағы Ақсай жол қиылысына келіңіз. Үлкен жол апаты болды. Сіз осы жерге керексіз» деген хабарды естідіңіз. Сіз тез киініп, осы қиылысқа аттандыңыз. Көпірге жақындағанда аударылып жатқан жүк машинасын көресіз. Апат трассаның екі жақтағы ждолын жауып тастаған. Сіз жүк машинасындағы «ЕДКОЕ ВЕЩЕСТВО» деген кішкене таблицадағы жазуды байқап қалдыңыз. Жүк м ашинасы бір дөңгелегінен айырылған және жолды бөгеп тұр. Көлік ішінен сұйық зат жолға джәне өзенге ағып жатыр. Өзеннен бу шығып жатыр. Қозғалыс тоқтатылған. Барлығына көліктерінен шықпау ескертілген. Жолдарынан қалған көптеген жүргізушілер ренжулі. Оқиға болған жерде полиция офицерлері, өрт сөндірушілер, құтқарушылар командалары. Олар арнайы киім мен маска киіп алған. Құтқщарушы командасы есінен такныған жүргізушіні құтқаруда. Барлығы асығуда және қобалжуда. Сен не істейсің? « БІЛУ ҚАЖЕТ» СТЕНДІ Бізге не белгілі? Біз не білеміз ? Бізге нені білу қажет ? Біз оны қандай жолмен анықтаймыз ? Рефлексия