Кремний және оның қосылыстары

Предмет: Химия
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Кремний және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Кремний және оның қосылыстарының алынуы, қасиеттері, түрлері және табиғатта таралуы, адам ағзасындағы рөлі туралы түсінік беру.

2. Дамытушылық: Ой-өрістерін, танымдық, шығармашылық, реакция жазу, есеп шығару, қабілеттерін дамыту;

3. Тәрбиелік: Өз ойын еркін айтуға, ізденімпаздыққа, жұптасып жұмыс жасауға, белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: ой қозғау, фронтальді, түсіндіру, топпен, жеке.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, деңгейлік тарпсырмалар, кремний қосылыстарының үлгілері, карточкалар, венн диаграммасы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

-оқушылармен амандасу;

-сыныптың тазалығын тексеру;

-оқушыларды түгендеу;

-көңілдерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) «Ой қозғау» (сұрақ – жауап:)

1. ІV А топша элементтері ?

2. Көміртекті периодтық жүйедегі орнына қарай сипаттау. (Көміртек химиясы негізінен органикалық қосылыстар химиясы, көміртектің бейорганикалық туындылары көп емес. Құрамында көміртек бар бейорганикалық заттар – оксидтер, көмір қышқылы және оның тұздар, бинарлы қосылыстар.

3. Көмір қшқылының тұздары қалай аталады?

4. Металдық қасиеттері қалай өзгереді? (көміртектен қорғасынға қарай артады)

5. Көмірқышқыл газының формуласы.

6. Көмірдің өнеркәсіптік қорлары.

7. Әктастың формуласы.

8. Табиғатта таралуы? (табиғатта химиялық таралуы бойынша он бірінші элемент (бейметалдар арасында төртінші). Таза күйінде (алмаз, графит) және қосылыстар түрінде (карбонат минералдары және тау жыныстары, көмір мұнай, табиғи газ) кездеседі.

9. Адсорбция құбылысын түсіндіріңдер.

В) Химиялық диктант (формулаларды оқу, оқушылар дәптерлеріне жазады) – кальций карбиді, көмірқышқыл газы, көмір қышқылы, натрий карбонаты, кальций карбонаты, көміртек (ІІ) оксиді, метан, ацетилен, магний карбонаты, натрий гидрокабонаты.

Төмендегі физикалық қасиеттер карбонаттардың қайсысына сәйкес келеді?

Қасиеттер

Қай зат

Техникалық атауы- ас содасы

Натрий гидрокарбонаты

Жер қойнауында магмадан пайда болатын қатты кристалдық зат

Мәрмәр

Сақар, ақ ұнтақ, суда жақсы ериді, өсімдіктің күлінде болады

Калий карбонаты

Органикалық шөгінді жыныс, құрылыс материалы ретінде пайдаланады

Әктас

Ақ түсті жұмсақ шөгінді жыныс, құрылыста ағарту үшін қолданады

Бор

ІІІ. Жаңа сабақтың жүруі: (кроссворд құру арқылы сабақтың тақырыбын ашу) – Кремний және оның қосылыстары

1. Қышқылдар мен сілті ерітінділерінде түстерін өзгертетін қосылыстарды не деп атайды. (индикатор)

2. Қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын бейметалл (бром)

3. Тұз молекуласында қышқыл қалдығымен байланысатын не?

4. Заттардың ең ұсақ бөлшегі (атом)

5. Сұйық металл (сынап)

6. Ең жеңіл металл (литий)

7. Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл (йод)

Ашылуы:Кремнийді алғаш рет 1811 жылы Гей-Люссак пен Л.Ж. Тенар ашқан. 1824 - 1825 жылдары швед химигі Я.Берцелиус фторлы кремнийді калиймен тотықсыздандырып, ал 1865 жылы орыс ғалымы Н.Н. Бекетов төрт хлорлы кремний мен мырышты әрекеттестіріп жеке бөліп алған.

Атом құрылысы:

ІІІ период, ІV топтың негізгі топшасында орналасқан.

+14Si )2е)8е)4е)

Табиғатта таралуы:

Кремний табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі. Ең көп тараған SiO2 – кремнезем. Каолинит (ақбалшық) және алюмосиликаттардың Al2O3*2 SiO2*2H2O, дала шпатының немесе ортоклаздың K2O * Al2O3 * 6SiO2 құрамына кіреді.

Алынуы:

1. Зертханада бос күйінде кремний алу үшін магнийді ұнтақ ақ құммен SiO2 қосып қыздырады:

2Mg + SiO2 = 2MgO + Si

2. Өнеркәсіпте құм мен көмір қоспасын қызыдырып кремний алады:

SiO2 + 2С = Si + 2CO

Физикалық қасиеттері:

Кремнийдің аллотропиялық екі түрөзгерісі бар. Ол – кристалдық және аморфты кремний. Кристалдық кремний – қара сұр түсті, металдық жылтыры бар, өте қатты, қиын балқитын, аздап электр тогын –өткізетін зат. Ал аморфты кремний – сұрғылт түсті ұнтақ зат.

Химиялық қасиеттері:

1. Аморфты кремний қыздырғанда тотықсыздандырғыш ретінде жай заттармен әрекеттеседі:

Si + 2CL2= SiCL4

Si + O2 = SiO2

Si + C = SiC

2. Кремний металмен әрекеттескеде тотықтырғыш болады:

Si + 2Mg = Mg2Si

3. Кремний ұнтағы концентрлі сілтімен реакцияға түседі:

Si + 2NaOH + H2O = Na2SiO3 + 2H2


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.28 Kb
Количество скачиваний: 31
Просмотров: 170

Похожие материалы