Көркем әдебиет Тақырыбы: Алтын күз
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кунанова Айнур Давлетхановна
|
ҰОІӘ технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.Қатынас.
Бөлімдері: Көркем әдебиет
Тақырыбы: Алтын күз
Мақсаты: Балаларға таныс тақпақтарды,ертегілерді еске түсіріп,бекіту.Ертегілер арқылы балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету,қойылған сұраққа толық сөйлемдермен жауап беруге баулу.Ертегі кейіпкерлерінің дауыс ырғағына келтіріп мәнерлеп айтуға дағдыландыру.Мейірімді,еңбекқор болуға тәрбиелеу.
Билингвальдік компонент:ертегі- сказка,тақпақ-стих,әңгіме-рассказ.
Аймақтық компонент: торғай,түлкі,елік,үйрек,тышқан,бақа өз өлкемізде тіршілік ететінін айту.
Керекті құралдар: суреттер,ертегі кітап.
Шаттық шеңбері.
Қайырлы күн!
Әсем күннің шуағы,
Қайырлы күн!
Жасыл әлем тіршіліктің қуаты!
Қайырлы күн!
Отан,елім,жеріме.
Қайырлы күн!
Саған,маған,сізге де.
Қайырлы күн достарым!
-Балалар қазір
-Қандай-қандай жыл мезгілі бар,атап беріңдерші.
-Жылдың күз мезгілінде қандай өзгерістер болды?
-Кәне,олай болса,балалар біз күз туралы
қандай тақпақ білеміз?
«Күз»А.Плещеев, «Алтын күз»М.Әлімбаев тақпағын мәнерлеп айтады. Тақпақ-стих.
-Жарайсыңдар,балалар,көп жасаңдар.
Осы кезде Дымбілмес келеді,амандасады,асығып-үсігіп:
- балалар, маған әжем ертегілер,әңгімелерді суреттерімен берген.Бірақ,өкінішке орай мен қоржынды жоғалтып, оларды оқи алмадым.Тек қана бүгін ғана тауып алдым. Енді не істеймін?
- Балалар,мүмкін сендер бұл кітаптың мазмұнын білесіңдер? Көмектесесіңдер ме?
- Суреттер де қиық болып шатасып қалыпты.
Тәрбиеші: - Балалар,көмектесейік пе?
І.-Мен сендерге суреттер,ертегі кітап,бірнеше суреттер-
дің қиындысын таратамын,ал сендер ол қандай әңгіме,ертегі екенін айтып беріңдер.Балалар 3 топқа бөлінген,сол бойынша жұмыс істейді.
1-топ: «Үш торай» ертегісі.Ертегі – сказка.Ағылшын халық ертегісі.
-Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
-Қай торай еңбекқор екен?
-Олар қасқырдан қалай құтылды?
2-топ: «Түлкі мен торғай» ертегісі.Болгар ертегісі.
- Түлкі мен торғай не істеді?
-Қайсысына аяушылық білдіруге болады?
-Ит қандай әрекет жасады?
-Нағыз дос деп айтуға бола ма?
3-топ: «Төрт дос» ертегісі.Қазақ халық ертегісі.
-Хан баласы қайда шықты?
- Ол нені олжа,- деп салып алды?
- Көмекке нелер келді?
-Олар адал,нағыз дос па?
1-топқа Өрмекшінің суретін беру.
2-топқа Құмырсқаның суретін беру.
3-топқа Қарлығаштың суретін беру.
-Бұл әңгіме-рассказ.
- Әңгімеде не туралы айтылған?
- Әңгіме «Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш» туралы.
1-топ.Анау өрмекшiнi көремiсiң, не iстеп жүр?
– Көремiн, өрмек тоқып жүр.
2. Анау құмырсқаны көремiсiң?
– Көремiн, аузында бiр нанның уалшығы бар, жүгiрiп кетiп барады.
3.Жоғары қара, аспанда не көрiнедi?
– Жоғарыда қарлығаш ұшып жүр, аузында кесе тiстеген шөбi бар.
Сендерге де жұмыс iстеуге әдеттену керек, – дедi.
Еңбекқор болу керек және өзімшіл болмау керек.
Сергіту сәті: Торғай, торғай, торғайсың,
Жақын келіп, қонғайсың,
Шашқан нанды шоқысаң,
Сонда суықтан тоңбайсың.
Түлкі, түлкі қутыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың,
Қулығыңды асырсаңда,
Қасқырдан сен құтылмайсын.
ІІІ.-Балалар, сендер мына жұмбақты шешіңдерші:
Асты тас,үсті тас,
Ортасында піскен ас. (нан)
3 топ мақал – мәтел айтады:
1. "Ас атасы — нан".
2. "Нан бар жерде ән бар".
3."Нан — тіршілік көзі".
- Олай болса, біз нан туралы қандай ертегі оқыдық?
- Оның авторы кім? (Мәдіхат Төрежанов)
- «Нан қайдан шығады?» әңгімесін сахналап көрсетейік.
Өлең жатқа оқып беру.
Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар,
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті, арқауы,
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
-Қаншама еңбекпен дастарқанға келген нанды: Нанды бір қолмен үзбе.
Нанды жерге тастама.
Дымбілмес қоштасады,алғысын айтады
-Балалар,бүгін бізге кім қонаққа келді?
-Біз бүгін сабақта не істедік?
- Дымбілмес бізге не деді?
-Қандай ертегіні сахналадық.
-Сендерге сабақ ұнады ма?
Мадақтау.
Күтілетін нәтиже: Не біледі: Өздеріне таныс ертегі,әңгіме,тақпақтардың атын, мазмұнын.Қандай түсініктерді игерді: кейіпкерлердің әрекетінің дұрыс не теріс екенін ажыратуды. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Мәнерлеп айту және дауыс ырғағын сахналауды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 554 Kb |
Количество скачиваний: | 29 |