Күштің сыры неде? атты сайыс - 9 сынып

Предмет: Физика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сайыстың тақырыбы: « Күштің сыры неде?»

Мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденімпаздыққа үйрету.

Әдісі: интеллектуалды сұрақтар

Сайыстың түрі: Білім мен білікті тексеру сабағы

Көрнекі  құралдар: интерактивті тақта, копмпьютер, оқушыларға қажетті карталар.   

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ақпанның  16-21 аралығында мектебімізде «Әлем нақты ғылымдар тілінде» атты математика, информатика, физика апталығы өтуде. Соған орай   9-сыныптар арасында өткелі отырған  «Күштің сыры неде?»   атты шарамызға қош келдіңіздер!

Ғылымдардың пірі

Табиғаттың тілі,

Физика екен халайық,

Мұны жақсы ұғайық.

 

Дүниедегі құбылыстың мәнінде,

Табиғаттық қозғалыстың бәрін де,

Мүмкін емес физикасыз түсіну,

Физика дүние кілті бүгінде.

 

Физика бұл өмірдің,

Асыл бір үлкен саласы.

Жаңарды сол физикамен,

Елімнің өзен даласы.

 

Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

 

Сайысқа  қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Сайыстың  барысы:

1)  Ұйымдастыру кезеңі

2)  Әділқазы мүшелерін сайлау

Сайыс кезеңдері:

І тур «Өткел»

ІІ тур «Белес»

ІІІ тур «Ойлан тап!»

Ү тур «Кім жылдам»

ҮІ тур « СЕРГІТУ СӘТІ»

 

І тур «Өткел»

1.Зарядтың бар екенін көрсететін прибор? (Электроскоп)

2. Атом ядорсын құраушы бөлшектер ? (Протон, нейтрон)

3. Алдын ала зарядтауды керек ететін ток көзі? (Аккумулятор)

4. Кенеудің өлшем бірлігі? (Вольт)

5. Молекулалардың бір-біріне өту құбылысы? (Диффузия)

6. Массаны өлшеу құралы? (Таразы)

7. Спектрдің неше түсі бар? (7 түс)

8. Салмақтың  бірлігі. (Ньютон)

9. Күш өлшейтін құрал? (Динамометр)

10. Динамиканың атасы кім? (Ньютон)

11. Айдағы  еркін түсу үдеуі? (1,6 м/с2)

12. Психрометрмен нені өлшейді ? (ауаның ылғалдылығы)

 

Келесі кезеңіз - «Белес». Бұл кезеңде сайыскерлерімізге 1 сұрақтан беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 балл. Осы турдан кейін ұпай аз 2-оқушы сайысымыздан шығады. Дайын болсаңыздар сайысымызды бастаймыз. Ал, мұқият болыңыздар:

1.                     1623-1662 жылдар аралығында өмір сүрген. Коптеген бақылауларға сүйене отырып, француз ғалымы сұйықтар мен газдардың қысымды барлық жаққа бірдей жеткізетінін дәлелдеген ғалым. (Блез Паскал)

2.                     Неміс физигі, тізбектің бөлігіндегі ток күші, кернеу, кедергі арасындағы заңды теория жүзінде ашқан, тәжірибе жүзінде дәлелденген. (Георг Ом)

3.                     Б.э.д. 287-212 жылдары өмір сүрген ертедегі грек ғалымы, физик және математик. Рычаг ережесін тағайындаған, гидростатика заңын ашқан. (Архимед)

4.                     Итальян физигі, электр тогы туралы ғылымға жол салушы. Бірінші гальвани элементін жасаушы. (Александро Вольта)

5.                     1643-1727 жылдары өмір сүрген ағылшын физигі және математигі. Жарықтың көптеген қасиеттерін ашып, зерттеген. Жоғары математиканың маңызды салаларын талдап дамытқан. Ол денелер қозғалысының негізгі заңдарын және тартылыс заңын ашқан. (Исаак Ньютон)

6.                     ХҮІІ ғасырдың басында ғана аспан денелерінің орбиталары шын мәніде шеңберден өзгеше екені анықталды. Бұл маңызды жаңалықты неміс астрономы 1571-1630 жылдары өмір сүрген ғалым кім болды ( Иоган Кеплер)

7.                     Француз физигі және математигі, электр және магниттік құбылыстар арасының байланыс заңын, теориясын жасаған. Магнитизм табиғаты жөнінде гипотеза ұсынған. Физикаға «Электр тоғы» ұғымын енгізген. (Андре Мари Ампер)

8.                     Француз физигі, 1781 ж. электр және магниттік заңдылықтарды тағайындау үшін аспап ойлап тапқан. Сырғанау және домалау үйкелістерінің заңдылықтарын тұжырымдады. (Шарль Огюстан Кулон)

 

ІІІ тур «Ойлан тап!»

№1 Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады? (жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады)

№2 Стақандағы суды төкпей керсінше қою керек. Берілген құралдар: 1 стакан су, қағаз. (Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.)

№3 Шикі жұмыртқа. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп салып жумыртқаны судың бетіне шығару керек. Берілген құралдар: Тарелка, 2 жұмыртқа, сызғыш, тұз,( тұзды суға арластырамыз жұмыртқаны саламыз. Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды, тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды. )

№4 Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (шар электрленеді)

№5Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке. (конвертті жағып жіберу керек)

IҮ тур «Кім жылдам»

Келесі кезеңіміз «КІМ ЖЫЛДАМ» кезеңі. Бұл кезеңде әр ойыншыға 1 мин. ішінде 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауаб 1 ұпай. Ендеше ұпайы коп ойыншыдан бастайық. Дайынсын ба? Дайын болсаңыз бастаймыз. Ал,мұқият болыңыз:

1-ойыншы: сұрақ

1. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі (Рекс)

2. Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

3. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. (Әл-Фараби)

4. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? (алма)

5. Физика не туралы ғылым? (табиғат)

6. 1961 жылы 2 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

7. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? (механика)

8. Ауаның қысымын анықтайтын құрал (Барометр)

9. Өзінің табысына шаттанып қуанғанда «Таптым!» деп айғайлаған кім? (Архимед)

10. Ауаның салмағын есептеген. (Торричелли)

 

2-ойыншы: Сұрақ

1. Электр тогы дегеніміз не? (зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы)

2. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі (Термодинамика)

3. Ток күшінің өлшем бірлігі? (Ампер)

4. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? (Джоуль)

5. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы (ішкі энергия)

6. Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы (жылу мөлшері)

7. Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

8. Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

9. Жылу берілудің қатты заттардағы түрі (жылу өткізгіштік)

10. Ток бағыты қай полюстен қай полюске бағытталады. (Дұрысында «-»-тен «+»-ке, бірақ есеп шығарғанда ыңғайлы болғандықтан «+» -тен «-» -ке алу келісілген)

ҮІ тур « СЕРГІТУ СӘТІ»

Келесі кезеңіміз «СЕРГІТУ СӘТІ» кезеңі.

Бұл кезеңде көрермендермен сайыс.

1.Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?( Жауабы: МЫСЫҚ)

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе бүгінгі «Күштің сыры неде?» атты 9-сыныптар арасында өткен сайысымызды жабық деп жарайялаймыз. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын! 

 
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 756 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 171

Похожие материалы