"Кітап- бағалы сыйлық" 8-сынып

Предмет: Математика
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

2.«Кітап – бағалы сыйлық»

Кітап – асыл қазына. Біріккен сөздер

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу, мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: өзге ұлттардың қазақ тілін не себепті білу керек екендігін түсіндіріп, танымдарын кеңейтіп, ой – өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ана тіліне деген сүйеспеншілігін оятып, тілді қастерлеп, бағалауын, басұа ұлт өкілдеріннің тілін құрметеуіне тәрбиелеу.

Тыңдалым.

Оқылым: Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.Кітап дүкені

Біздің Павлодарда ең үлкен кітап дүкені жерлесіміз, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың атында. Ол дүкен кітапқа өте бай. Онда оқулықтар, техникалық әдебиеттер, көркем әдебиет, балалар әдебиеті және ауылшаруашылық саласына керекті кітаптар бар. Осыған орай кітап дүкені бірнеше бөлімнен тұрады.

Кітаптар қазақша, орысша, ағылшынша жазылған. Әдемі суреттермен безендірілген. Тіл үйренушілерге де жағдай жасалған. Сөздіктер, тест топтамалары да бар. Сөздіктер: аударма, терминологиялық, энциклопедиялық, технологиялық болып бөлінеді.

Мен дүкенге барғанда, қазақтың ұлттық оюлар альбомын, шет тілдегі жол көрсеткіш кітапшасын, қазақтың халық әндері жинағын сатып алдым.Айтылым:Сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Павлодар қаласындағы ең үлкен кітап дүкені кімнің атында?

2. Кітап дүкені қандай бөлімдерден тұрады?

3. Кітаптар қай тілдерде жазылған?

4. Сөздіктердің қандай түрлерін білесің?

5. Дүкеннен сен нелер сатып алдың?

6. Сенің көшеңде қандай дүкендер бар?

Жазылым: Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.92 Kb
Количество скачиваний: 78
Просмотров: 350

Похожие материалы