Здесь была ссылка на работу Кітап-мәңгі шамшырағы заманның автора Мамышева Жанат Нысановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: ұлттық сана-сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу. Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу. Көрнекілігі: кітап көрмесі, ұлы адамдардың кітап туралы нақыл сөздері Нақыл сөздер: 1. Әрбір адамның ең жақсы досы-өмірлік досы- кітап болуы тиіс. М.Әуезов 2. Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге. А.Құнанбаев 3. Кітап жинап түптеймін, жыртылмасын, Мұқабасын бүкпеймін, қырқылмасын. Таза болсын беттері, кірлемесін, Көрген кісі кітабы кір демесін. М.Әлімбаев Кітапханашы: Халқымыз өнер мен білімді қадірлеген. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында тұрған басты мақсат-білімді ұрпақ тәрбиелеу. Ал, ұрпақ білімді қайдан алады? Әрине, кітаптан. Кітап-рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу тәрбие құралы. Кітаппен достассаң көп білесің. Ата-бабамыз кітапты ерекше ақылшы ұстаз санаған. «Кітап білім-бұлағы, білім-өмір шырағы» деген қанатты сөз қалдырған. «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», деп Абай Құнанбаев атамыз айтпақшы, адам баласы үшін кітап-тілсіз тәрбиеші. Олай болсы, құрметті ұстаздар, қымбатты оқырмандар! Бүгін оқушылардың қатысуымен «Кітап-мәңгі шамшырағы заманның» атты сайысын өткізгелі отырмыз. Сайысымыз арқылы қай оқушы кітапханамен жақсы қарым-қатынас жасайды, кім көп кітап оқығанын, кітап оқу арқылы кімнің білімі мен білігі артық екенін анықтаймыз. Жүргізуші: ХХІ ғасыр-білім, ғылымның ғасыры. Еліміздің Евразия жүрегіндегі Жаңа Қазақстанды өркендетудің 2030 жылға дейінгі бағдарламасында талабы таудай, қабілетті, ізденімпаз жастар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой екені, ондай жастардың әлемдік бәсекелестікке төтеп беретіні, ұлт ақыл-ойының ұйытқысы болатыны көрсетілген. Бәсекеге қабілеттіктің басты көрсеткіші-білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Өркениеттің көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттыруымыз қажет. Болашақ білімді жастардың қолында. Бүгінгі сайысымыз 5бөлімнен тұрады. Бүгінгі болғалы отырған сайысымызға қатысушы оқырмандарды таныстырайық. Сайысқа қатысатын оқырмандар, әділқазылар алқасының мүшелері таныстырылады. І бөлім. Кітап-білім бұлағы Дейді оқушылар «Кітап-білім бұлағы» Кітапхана-сол кітаптар тұрағы. Көп үйреніп, көп оқыған баланың, Анық тағы білімпаз боп шығары. Өзі оқыған кітаптарынан түсінік айту.Сайыскерлер оқыған, өзіне ұнаған қызықты кітабынан түсінік айтады. ІІ бөлім. Өлең сөздің патшасы