Здесь была ссылка на работу «Кітаптың шығу тарихы» автора Мамышева Жанат Нысановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Кітаптың шығу тарихы Кітапнама (немесе Библиография) (көне грекше: bіblіon – кітап және көне грекше: drapho – жазу) – баспа өнімдері жөнінде ақпараттық мағлұмат беріп, оларды жүйелі насихаттайтын ғылыми-практикалық қызметтің бір саласы. Ол кітаби мұраларды, библиография тарихын, теориясын, библиография қызметті ұйымдастыру жолдарын зерттейтін ғылыми пән ретінде де қолданылады. Баспа өнімдерін іріктеп, оларды жүйелі түрде саралау, ғылыми сипаттама беру және қысқаша мазмұнын ашу арқылы библиография ғылыми мен мәдениет дамуының деңгейін айқындауға көмектеседі, ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт сілтейді, белгілі бір ғылыми қағидаларды, саяси, философия және эстетика көзқарастарды, техника жетістіктерді таратуға мүмкіндік туғызады 105- жылы, яғни біздің заманымыздың ІІ ғасырында қарапайым Қытай шебері Цой Лунь қағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тартады.Баспа кітап өнерінің тууы-кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы ағаш баспа қалыбы ХІ ғасырда пайда болды.1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді жасап шығарды.