«Құлақтан үнің кетпестей, Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Ещанова Гулжан Кенжешовна
|
«Соңғы қоңырау» салтанатына арналған жиынның жүргізілу жоспары
24.05.2014 ж.
«Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
Жүргізуші: Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолында шәкіртінің болашағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы.
Міне, тағы бір оқу жылын артқа тастап, тарих қойнауының еншісіне беріп, соңғы қоңырау сыңғырын тыңдамақшымыз. Бұл соңғы қоңырау сыңғыры мектебіміздің оқушылары үшін, қызықты каникул күндері жетелесе, ал мектеп бітіруші түлектер үшін алыс армандарға жетелер үн болмақ.
Бәрі есімде, мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеген нұр жүздері жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен қоңырау,
Шақырғаны алға бізді арман мың.
Осыдан 11 жыл бұрын 2003 жылы алғаш ата-анасының көз қуанышы болып, балғын жүректі көңілдерімен бастауыш сынып мұғалімдерінің қолынан «Әліппені» алғаш ұстап, «Мектеп» деген киелі шаңыраққа имене басып кірген балапан қанаттар 11 жылдан кейін «Алтын ұя» мектебімен қоштасып, бала шақтан болашаққа қадам басқалы тұр.
Асыр салып, балдырған балалық шағын өткізген,
Өнер, білім тәрбиемен болашаққа жеткізген.
Балалық шақтың базары, білімнің мол ордасы,
Қуанышты қимас сәт бұл бастарынан өткізген,-дей отырып ортаға биылғы мектеп бітіруші түлектерді шақырайық.
(Музыка әуенімен ортаға бітіруші түлектер шығады)
Алдарыңызда 11 «А» сынып оқушылары.
Сынып жетекшісі Ещанова Гүлжан Кенжешқызы. Сыныпта 11 оқушы.
Алдарыңызда 11 «Б» сынып оқушылары.
Сынып жетекшісі Қадіржанова Балзиба Ғалымқызы. Сыныпта 15 оқушы.
Білімді бол, оқы үйрен деп өсірді,
Жақсылыққа баулып та жүр не түрлі.
Бала үшін бәйек болған күн-түні,
Құрметтейік «Ұстаз» деген есімді.
«Соңғы қоңырау»салтанатына жиналғанқонақтарымызға қош келдіңіздер айта отырып, «Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші: Батырлыққа уызынан жарыған
Ер қазақты жалауынан таныған.
Өзі батыр, өзі әнші халыққа
Жарасады жігер берер әнұран.
ҚР мемлекеттік туы көтерілсін.
(ҚР туы көтеріліп, әнұраны айтылады) (Туды: Бағдат, Гүлназ, Айымгүл )
2-жүргізуші: Қазекем қонақ десе көсіледі,
Мұндайда жай түйіні шешіледі.
Ақ тілеулі ырыс қой қонақ деген
Өзімен ала келер несібені. – демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың
қадірлі қонақтарымен таныс болыңыздар:
1.
2.
3.
4.
1-жүргізуші:
Бүгін - алғашқы қоңырау мен соңғы қоңыраудың арасын жалғаған 11 жылдың мәреге жеткен күн.
2 - жүргізуші:
Бүгін -«Мектебім, Ұстазым» деп көңілің қимастық кешкен күн.
1 - жүргізуші:
Бүгін - атаң ақ жол тілеп, ақ бата берсем деген күн.
2 - жүргізуші:
Бүгін - әжең ерке ұланының ержеткенін көрсем деген күн.
1 - жүргізуші: Бүгін - әкең қызым бой жетті деп мақтанған күн
2– жүргізуші: Бүгін – анаң ұлым ер жетті деп шаттанған күн.
1 - жүргізуші: Бүгін - ұстазыңның жанында шәкірт болып соңғы рет топталған күн.
2– жүргізуші: Бүгін - арман қуып алысқа аттанған күн.
1- жүргізуші:Бұл күн – мектеп тарихында, мектеп бітіруші түлектер есінде мәңгі өшпейтін күн.
2-жүргізуші: Ажырамай мектептен бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - дей отырып, соңғы қоңырау салтанатының
алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Жалекеев Амантай Ғайнеденұлына беріледі.
1-жүргізуші: Арман ойлар жеткізбеген аңсаған,
Қайрат-күшін қажыта алмас қарсы ағын.
Өмір теңіз толқындарын көргенде
Асыл аға тілегіңді аңсармын, - демекші бүгінгі салтанатты жиынымыздың құрметті қонақтарына сөз береміз:
1.
2.
3.
2-жүргізуші: Ән: «Ұстазым » Орындайтын: Арбол
1-жүргізуші: Абзал жандар биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Түлектерге жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бүлдіршіндер баршаңды, - деп,
құттықтау кезегі бірінші сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
(Сыйлықтар тапсыру)
2-жүргізуші: Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынанберіледі.
1-жүргізуші: Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,түлектердің алғашқы ұстаздары
Мажанова Нұрбике Асылбекқызы мен Уәлиева Айғаным Ұзақбайқызына сөз беріледі.
2-жүргізуші: Ұрпақсыз шәкірттерге бақ келген бе?
Бапкерсіз тұлпарларға бап келген бе?
Он бір жыл сыныбы үшін жанын салған,
Сөз кезегі - жетекші бапкерлерде деп, келесі сөз кезегі түлектердің сынып
жетекшісі Балзиба апай мен Гүлжан апайғаберіледі.
1-жүргізуші: Ән: «Мектебім» - орындайтын Жаңылхан
2-жүргізуші: Аяулы ұстаз өлшемі жоқ бағаның,
Айтыңдаршы таласады оған кім?
Бүгін, міне үміт күткен шәкіртің,
Айта жүрер алғысымда саған мың,-дей келіп, алтын ұя мектебімізге, ұстаздармызға шәкірттік алғыс білдіру үшін ортаға мектепбітіруші түлектерді шақырамыз:
Құттықтау сөз: Айбар, Ботакөз, Тоғжан
Ұстаздарға Алғыс хат
Ән «Ұстаздарға»- Арбол
2-жүргізуші: Алдарыңнан арман жолы ашылады.
Түлектерге бақыт гүлі шашылады.
Қимастықпен білімніңалтын кілтін
Ізін басар сыныпқа тапсырады, - деп,
білімнің алтын кілтін үлгілі оқушы, бітіруші түлек – Құбайдолла Салтанат
10-сынып оқушысыҚадіржанова Самалға тапсырады.
(Музыка әуенімен)
1-жүргізуші: Соңғы қоңырау.
Қымбатты мектеп бітіруші түлектер!
Алғаш қолыңа гүл шоғын алып, мектеп табалдырығын аттағаннан бері 20 мыңнан аса қоңырау үнін естідіңдер.Ал бүгінгі қоңырау үні ерекше. Ол мектеппен қоштасар соңғы қоңырау. Ол балалық шақтың өмір белесіне асыратын қоңырау.
Гүлдерге толы өңірау,
Әр түрлі әркім ойлайды.
Соғылмақ соңғы қоңырау,
Соққызбай өмір қоймайды.
2-жүргізуші: Соңғы қоңырау соғу салтанаты 11 сынып оқушылары Аманбек мен Айкөркемге тапсырылады.
/Қоңырау соғылады, дүр - дүрс соққан жүрек лүпілі естіліп тұрады/
1-жүргізуші: Көгершіндей самғаңдар, түлектерім,
Орындалсын өмірде тілектерің.
Үнімен соңғы естіген қоңыраудың.
Дірілдеді - ау ерекше жүректерің.
2-Жүргізуші:
Бұл соңғы қоңырау үні... Балалықпен қоштасу, үлкен өмірмен қауышу үні.
Өмірде ілбіп, тек көшпей,
Жүретін сергек жол мынау.
Құлақтан үнің кетпестей,
Сыңғырла, соңғы қоңырау,
Сыңғырла, соңғы қоңырау! – деп мектеп түлектерін жаңа өмір баспалдағына шығарып саламыз.
1-жүргізуші: Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт - сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін-дей келе,Ұлттық бірыңғай тестілеуді табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.9 Kb |
Количество скачиваний: | 23 |