«Өлең - деген құдірет қой, шынында...»

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

«Өлең - деген құдірет қой, шынында...»

Мақсаты:Қазақтың лирик ақындарының өмірі мен шығармашылығы жайлы насихаттау,оқушылардың өлеңге деген құштарлығын арттыру.

Әдісі: әдеби сазды кеш

1-жүргізуші: Сендердікі – өмір,қоғам,заман да,

Сән түзеген қалаң менен далаңда

Барлығы да мұра болмақ әманда

Болашақ деп аталатын Адамға

Барлығы да сендердікі-барлығы

Табыстаймыз жансыз бенен жандыны

Армысыңдар,Ата ұрпақтың тағдыры!

Армысыңдар,жаңа атқан таң нұры!

Құрметті ұстаздар,көрермендер!Бүгінгі «өлең- деген құдірет қой шынында..»атты қазақ лирик ақындарына арналған әдеби сазды кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Қайтадан қауымға келмейсің,

Барыңды,нәріңді тіршілікте бергейсің.

Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,

Шын бақыт,осыны ұқ,мәңгілік өлмейсің»деп ұлы ойшыл Шәкәрім жырлағандай қазақ әдебиетінде өшпес іздері бар ақындарымызға арналған бүгінгі кештің мәні тереңде.

1-жүргізуші:Туғанда дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі бар қызығың бір өлеңмен,

Ойласайшы бас қақпай елең-селең,-деп ұлы Абай атамыз жырлағандай өлең өмірге сән беретін қоғамдық құбылыс.Абай атамыздан бастау алып,ххі ғасыр ширегінде өмір сүрген лирик ақындарымыздың таңдаулы шығармаларын бүгінгі кеште тарту етпекшіміз.Қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбайұлы қазіргі Шығыс Қазақстан обл.Абай ауданында дүниеге келген.Абай-дара,Абай-дана,Абай лирик.Оның өлеңдерінің құдіреті ерекше.Бүкіл әлемдік ғылым,білімнің тұнығынан сусындаған Абай шығармашылығы ендігі жерде шын мәнісіндегі бүкілхалықтық сипатқа ие болды.

«Өлең-сөздің патшасы,сөз сарасы» Сәкен.Реж.бөлімі

1-жүргізуші: Шәкәрім Құдайбердіұлы-лирик әрі эпик ақын,жазушы,шебер аудармашы,композитор,тарихшы,ойшыл.Қазақ қоғамынын рухани өсуіне үлес қосып жастарды ғылым – білім,өнер – өнегеге баулуды мұрат еткен ұлы Абай мектебінің шәкірті,талғамы биік дарын иесі Шәкәрім 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыс тауы бөктерінде ,Семейдегі Абай ауданында дуниеге келген.

«Адам болып тудым,адам атымды ақтайын,көп үшін,халық үшін,келешек ұрпақ үшін еңбек етейін.Кейінгіге үлгі аларлық із-белгі қалдырайын,адам атым өшпесін,тарихқа аз да болса үлес қосайын деген ойда болдым. Келешектің ойын ашайын деп жаздым.

...Өз заманым үшін жазғам жоқ. Келер дәуірдің адамы үшін жаздым» - дейді ақын атамыз.

«Адамдық борышың»

2 – жүргізуші: Поэзия әлемінде жарық жұлдыздай сауле шашып, айрықша із қалдырған Мұқағали күші-қазақ халқының мақтанышы. Сондықтан да «Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім»-деп адамның ішкі жан дүниесінің нәзік сезімдерін, оның күшті құштарлығын шынайы да әсем бейнелей білген ақын өлеңдері – мәңгілік қазына.

Мусаева Айтолқын. «Қара өлең»

Балқасимов Данияр. «Дос болам десең»

1 – жүргізуші: Жайықтың ақ шағаласы, ақ желкені Ақұштап Бақтыгереева Бат. Қаз.обл, Ақжайық ауданында туған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. Ақұштап, қалам ұстаған ақын болып қана қоймай, елінің ертеңін ойлаған қайраткер ретінде бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешуге кірісті. Ол халықтың тілегін жетер жеріне жеткізді. Өзінің ақындық та, азаматтық та борышы деп санайды.

«Жүрегі елжірегендер мен, үмітке сендіре білгендермен достасқым келеді менің. Мұң қайғы жеңбейтіндермен, наданға ерімейтіндермен, өсекке сенбейтіндер мен бас қосқым келеді менің!»

Шүкірова Ботагөз «Жұлдызды әлем»

Қалимоллаев Аблай «Өлең – деген құдірет қой шынында»

2 – жүргізуші: Поэзия әлемінде өз ойын көркемдікпен, асқан шеберлікпен бере білу екінің – бірінің қолынан келе бермейді. Бұл тек шабыты өте жоғары, өлең шығару дарыны үлкен өнер иесінің қолынан ғана келеді.

Барлығы да елім деп соққан жүрекпен өмір сүрген жандар. Өлмейтұғын артына сөз қалдырған жандардың арқасында біздің еліміздің ауыз толтырып айтарлықтай бай әдеби мұралары бар.

1 – жүргізуші:Егемен еліміздің әрбір ұрпағы осы ақындарымыздың шығармаларынан алатын тәлімі мол екенін кәміл сеніммен айта аламыз.

Халықтың хал – жағдайын ойлап, елдің қамын жасаған өлең құдіретін айқындап берген ақын жазушыларымызға арналған кеште соңына жетті.

2 – жүргізуші:Өз тарихымызды танып, әдебиетімізден адаспайық, ағайын!

Бірге: Қош сау болыңыздар!

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.59 Kb
Количество скачиваний: 24
Просмотров: 145

Похожие материалы