«Әлеуметтік педагогтың оқушылармен және ата-аналармен жұмысының жаңа нысандары»

Предмет: Школьному психологу
Категория материала: Конспекты
Автор:
БаяндамаӘлеуметтік педагогтын міндеті отбасындағы баланың жағдайын қадағалау, мемлекет, қоғам, отбасы байланысын орнықтырушы міндетін атқарады. Қиын баламен, жағдайы төмен отбасы балалары, қамқорлықтағы бала, сәтсіз отбасы т.б. көптеген жұмыс жүргізіп, баланың қоғамнан аластатылмай, дұрыс тәрбиеленуі осы саладағы педагогтардың арқасында. Алдымен әлеуметтік педагог әрбір өскелең жас адамға ақылшы, ұстаз, ұйымдастырушы, психолог, тәрбиеші, үйлестіруші-әдіскер, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғаушы болуға тиіс. Әлеуметтік педагог кәсіби психологиялық жағынан дербес жасампаз адамдарға, жоғары оқу орнында алған білімі мен машығы негізінде оқушы жастар мен олардың отбасыларының құқықтарын әлеуметтік жағынан қорғай алатын, жеке адамның әлеуметтік ортада,оқу барысында, еңбек қызметінде және бос уақытында жан-жақты жарасымды дамуының мәселелерін пайымдап, іске асыра алатын әлеуметтік педагогтарға ғана тиесілі. Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыс нысаны-өзінің толыққанды дамып жетілуіне әлеуметтік қорғау мен қолдауды қажет етуші бала немесе оқушы болып табылады. Осыған байланысты, әлеуметтік педагог маманы баламен жұмыс істеу барысында оның отбасымен, тәрбиеленіп жатқан шағын ортасымен, дамуына және қалыптасуына әсер ететін түрлі факторлармен, қоғамдық институттармен бірлесе отырып іс-әрекет құрады. Әлеуметтік педагогтың көптеген қызметінің бір саласы- отбасымен жұмыс болып табылады. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс істеуі бойынша қызметінің негізін қалаушы қағидалар: гуманистік жеке тұлғалық, өмір сүру мен тәрбиенің тұтастығы қағидасы; дамыта оқыту қағидасы; балаға, отбасына деген сабырлық, құрмет пен талап қоюшылықты үйлестіру қағидасы; қоғамның дамуы мен жұмыс істеуінің жаңа бағыттарын есепке алу, мақсатқа сәйкес делдалдықты іске асыру қағидасы; мейірбандық қағидасы. Бұларды жүзеге асыру әлеуметтік педагог қызметінің маңызды шарты болып табылады. Алдымызда тұрған міндеттерді іске асыру үшін білім беру үдерісінің барлық қызметкерлерінен бірталай күш-қуаттары мен мүмкіндіктерін қажет етеді. Оқытудың тиімді моделін құру жолында көптеген қиыншылықтарды жеңуге тура келеді. Қойылған мақсаттарға жету үшін тек қоғамдық тұрақтылықта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс істеу қажет. Еліміздің ең асыл қазынасы – өскелең ұрпақ болашағы – біздің қолымызда.  Ахмет Байтұрсынов атамыз кезінде «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» дегендей оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үдесінен шыға алады. Егер әр педагог өзі таңдаған әдістемелік жолын тың идеяларға негіздей білсе, жаңа педагогтардың саны арта түсері сөзсіз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.13 Kb
Количество скачиваний: 29
Просмотров: 135

Похожие материалы