Здесь была ссылка на работу Ұлт менталитетінің басты ерекшеліктері автора Тоқтарбай Елдос Қуатұлы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Бұл мақалада: Ұлт дегеніміз – адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік –этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтығы болып табылады. Ұлттың жан-күйі мен ұлттық мәдениет арасында тығыз бар. Ұлттық мінез-құлық ерекшелігі ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Ол жөнінде атақты композитор Н.А.Римский-Корсаков: «Музыка ұлттан тысқары өмір сүрмейді. Қандай да болмасын музыка мәдениетінің мазмұны жалпы адамзаттық болып келгенімен оның түрі ұлттық болып қала береді. Ұлы композиторлардың шығарған ән-күй музыкас бүкіл адамзат мәдениетінің қорына қосылған, идеясы барлық ұлтқа ортақ интернационалдық мұра болғанымен, оның ұлттық жан-күйінің өзгешелігі сақталады» –дейді. Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, қызуқандылық ерекшелігі сол елдің музыка мәдениетінен қалай сезілсе, би өнерінен, қол өнерінен де сондай ашық, айқын сезіліп, көрініп тұрады. Біз ән, күйлерді тыңдай отырып немесе билерді, ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін көп қиналмай ажыратамыз.