Здесь была ссылка на работу »Ұлттық өлшем бірліктерді білесің бе?! автора Мамышева Жанат Нысановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Көлем өлшемдері. Ине жасуындай,алақандай-өте шағын. Жапырақтай,ат төбеліндей. Уыс-қол саусақтарын жымдастыра бүккенде шұңқырайған алақан аясының іші,алақанға сиярлық мөлшер. Құшақ-қауышқан екі қолдың ішкі жағын қамтитын адамның алдыңғы иіні,қойын. Ұлтарақтай-адам табанының көлемі. Табақтай –жалпақ Тулақтай-мал терісінің көлемі. Бір танап жер-гектардың алтыдан бір бөлігі. Бір мойын жер- бір гектар. Көлдей-өте көлемді,кең. Үй орнындай-киіз үйдің ішкі көлеміндей. Салмақ өлшемдері Титімдей,титтей,тинақтай,тырнақтай,оймақтай, шүйкедей,түйір. Бір жапырақ-бір жұлым. Бір жұтым-ауыз толтырып бір ішерлік.(сүт,т.б.) Бір шайнам-ауызға бір салар.(тағам) Бір тілім,үзім-өте жұқа,артық бөлшек. Бір татым-бір рет шегуге жетер шылым.Көлге ,өзенге бір рет ау салып тартқанда торға ілінетін балық мөлшері. Бір шөкім,бір шымшым,бір атым (насыбай)-үш саусақтың ұшымен . Бір қайнатым(шәй)-шымшып аларлық өлшем. Бір мысқал,бір шелек(су,сүт)-10л. Бір торсық (айран)-6-7л. Бір саба(қымыз)-10-15л. Бір қап(ұн,қант)-50-60кг. Бір арқа(жүк)-45-50кг. Бір пұт-16 кг Бір мысқал-100 арпа саны салмағы Бір қадақ- 96 мысқал-400г Найза қап,қанар-70-80кг. Бір құлақ су-3-4м3. Қадақ-200г. Батпан-51 пұт Дағар-6-8 пұт-100-130 кг Қашықтық өлшемдері Қол созым жер.Қарға адым жер.Қамшы салым жер-тым жақын жер. Таяқ тастам жер,иек астында жер-бір қыр асты,таяу жер. Иек артпа жер,әудем жер-тиіп тұрған жер. Шақырым-1000м(1 км) Дауыс жетер жер-2-3 шақырым. Ит үргені естілер жер.Қара көрінім жер.Көз ұшындағы жер-2.5-3 шақырым жер. Қозы өрісіндей жер-5-6 шақырым. Тай шаптырым жер.Аяқ жетер жер.Қозы көш жер-6-7шақырым. Құнан шаптырым жер-8-10 шақырым. Бір көш жер-10-15 шақцырым. Ат шаптырым жер-20-35 шақырым. Түстік жер-30-40 шақырым. Күншілік жер-90-100 шақырым. Ара қаным жер-200-250 шақырым. Ит өлген жер.Ит арқасы қиянда-қашық,жырақ. Жер аяғы қиянда-қиыр.жан өтер жер. Жер түбі-өте алыс,шет жер. Жер мойны-қашық. Алты айшылық жер-тым шалғай жер. Уақыт өлшемдері Бір сәт-1 секунд Сүт пісірім-5-10-минут Бие сауым-1,5 сағат Ет пісірім-2,5-3-сағат Бір түн-бір күн,тәулік-24 сағат Апта-7 күн Ай-30-31 күн Тоқсан-3 ай Жыл-365 күн