«Ұлттық ойындар» - Paint графикалық редакторында
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Карибасова Гулжанар Нургазиновна
|
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында оларды тың материалдармен қамтамасыз ету мұғалімнің міндеті, сол себепті бүгінгі сабағымызда қазақтың ұлттық ойындарын: көкпар, қыз қуу, асық, тоғызқұмалақ, бәйге, аударыспақ, ақ сүйек, тоғыз құмалақ және тағы басқа ойындарды насихаттай келе, Paint графикалық редакторында көркемдеп сурет салуға машықтандыру, балалардың бойына ұлттық сананы сіңіру. Ал ұлттық ойындар-ғасырлар бойы өсіп келе жатқан ұрпақтарды тәрбиелеу құралы ретінде қолданған және мәдени мұра болып келеді. Халық ойындары педагогиканың дәстүрлі құралдары болып саналады. Ол бала өмірінің табиғи серігі, көңіл – күйінің бұлағы. Онда ежелден адам өмірінің бейнесі, тұрмысы, салт – дәстүрі, еңбегі, халықтық намыс, ерлік, батылдық туралы көзқарастары, жылдамдық, тездік, шеберлік пен әдемі де әсем қимылдарды меңгеру тілектері, шығармашылық тұрғыда ойлау қабілеті, ұстамдылыққа, ептілікке, тапқырлыққа, жеңіске жету талпынысы айқын қамтылған. Халық ойындары баланың көркемдік – эстетикалық, дене тәрбиесінің бөлінбейтін бір бөлігі болып саналады. Ойын кезіндегі қуанышты көңіл – күй мен әсем қимылдар баланың рухани байлығымен үйлеседі. Сөйтіп оларда туған елдің мәдениетіне деген қызығушылық, сүйіспеншілік, сыйласымдық сезімі қалыптасады. Халық ойындарының қайсыбірі болмасын мазмұны жағынан балаға түсінікті, әсерлі және ықшамды. Олар ойлау қабілетінің белсенді дамуына, ой - өрісінің кеңеюіне, қоршаған ортаны дұрыс түсініп меңгеруге, психикалық процестерді жетілдіруге ықпал етеді. Ал енді, «Қазақстан. Ұлттық энциклопедия» кітабында қазақтың ұлттық ойындарының мән-маңызы туралы былай деп жазылған: «Қазақ ұлты негізінен ұрпақ қамын басты мақсат етіп қойып, балалардың нағыз азамат болып қалыптасуына аса зор мән берген. Нәтижесінде дәстүрлі бала тәрбиесінің басты құралы ретінде ұлттық ойынды орайластырып, дамытып отырған». Сол дәстүрді жалғастыра отырып, оқушыларды ұлттық ойындармен таныстыруды жөн көрдім.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 2.33 Mb |
Количество скачиваний: | 13 |