Здесь была ссылка на работу Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы автора Бексеитова Гулжанар Шахжаргеровна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Сабақтың тақырыбы: Ұлы жібек жолы және оның тарихи маңызы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ұлы Жібек жолының пайда болуын және тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес,халықаралық қатынастар мен мәдениет таратушы жол ретінде маңызын ашып көрсету. Қазақстан территориясын басып өтетін жолдың сауда-экономикалық дамуын қазіргі заманмен салыстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.Ұлы Жібек жолы , қазіргі заманда бүкіл әлемдегі туризмнің экономикалық маңызды тармақтарының бірі болып отыр. Осы жолда болған маңызды оқиғаларға сүйене отырып жан-жақты дамыған азаматтарды тәрбиелеу. Білімділік: Қазақстан Республикасының әлемдегі орнын терең білуге,ой-пікірін кеңейту. Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру,жүйелі ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше қорытынды жасау, бағыт-бағдар беру. Тәрбиелік: Оқушылардың ұлттық намысын оятуға,адамгершілік сана-сезімін қалыптастыруға,туған елі мен жерін сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі: Қазақстан республикасының картасы,кестелер.Ұлы Жібек жолының картасы мен қосымша әдебиеттер. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгеру сабағы. Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс,пікір алысу. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылардың сабаққа қатысу даярлығын,оқу құралдарын түгелдеу. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Үй тапсырмасын сұрау 1.Дәстүрлі қазақ қоғамында “қарқаралы көшті”бастаған қарқаралы түйені кім жетекке алады? 2.Ислам дініне дейінгі қазақтарда мал шаруашылығына тікелей байланысты құрал-саймандарды киелі деп санаған.Әсіресе,әйел адамдар аттап өтуге тыйым салынады?Бұл қандай құрал? 3.Күйеу жағынан келғен бас құданың қалыңдыққа берген сыйлығы? 4.Қазақ халқының түсінігі бойынша өсімдік жемістерін,тау жуасын не басқа жарамды өсімдіктерді жеуге рұқсат етіледі? 5.Қазақ халқында жастар жиынында ойналатын күлдіргі ойын? 6.Араб қолбасшысы Кутейба Хорезм,Бұхара,Самарқан қалаларын қай жылдары жаулап алды? 7.Қазақтар ислам дінінің сопылық ағымын ұстанған.Бұл ағымның бір қасиеті қандай? 8.Исламның таралуына еңбек сіңірген Қараханның есіміне байланысты аталады? ІІІ. Жаңа тақырып Жоспары: 1.Ұлы жібек жолының пайда болу тарихы? 2.Ұлы жібек жолындағы сауданың шаруашылықтың дамуына тигізген әсері? 3. Ұлы жібек жолының халықаралық мәдениеттің дамуына тигізген әсері? 4. . Ұлы жібек жолының халықаралық қарым-қатынастағы тарихи маңызы? 5.Қазақстан аумағындағы Ұлы жібек жолының тармақтары? 6.Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы. Бір көпестің сауда сапарын ортағасырлық Шығыс ақыны Фирдауси былай деп суреттейді: Таңдаулы мыңға жуық түйе тізген, Жүк артқан келе жатыр бай керуен. Жүз жирен түйесіне дирхем артқан, Тағы да қырық түйе динар артқан. Мускус пен таңдаулы алой теңдері бар, Қызықтырып сәндікпен жібектер сал. Осыларды Шын мен Мысыр, Иран сатып, Керуенге ерген отыз түйе алған артып Құпия... Осы сөздің өн бойында адамды өзіне тартатын қанша жұмбақ бар десеңізші! Тынымсыз, білуге құмар Жер бетінің тұрғыны үнемі ғасырлар қойнауындағы қатпарлардың жұмбақ сырын шешуге ұмтылған. Күндер өте береді, біз осы уақыт мезеттерінің жылдарды, ғасырларды, мыңжылдықтарды құрайтындығын байқамай да қаламыз.Шынында да бұл жол үнемі Жібек және тегіс болмаған. Ұлы жол сауда мен мәдени қарым – қатынастар жасауға қолайсыз болған кезеңдерді де басынан өткізген.Сол уақытта түсіністік пен бейбіт күндердің орнын қастық пен араздық басқан. Бір қазақ жазушысының кейіпкері былай дейді: «Жібек жолы жабылып қалғанға ұқсайды? Е, демек ақырзаманның жақындағаны ғой!» Континентарлық күретамырдағы және жолдағы халықтар қарым- қатынастарының маңызы жоғары болғаны соншалық, мұны «Патша жолы», «Халықтар жолы » деп те атаған... Соғыс өрті қайнап,өзендер ағысын өзгертіп, теңіздер кеуіп жатса да, Ұлы Жібек жолы өзінің таңғаларлық тауарларымен, кезбе әртістердің өнерімен және тамаша адамдардың кездесулерімен жалғаса берді. Ұлы жол таланттарды туғызбай қоймады. Себебі бұл жермен жер жүзінің барлық адамдары жүріп өтетін. Жолды сауда ағыны десе болғандай еді. Озық ойлар мен пікір алмасулар, географиялық жаңалықтар, жерді игерудің жолдары мен әдіс – тәсілдері, қалалар салу, сәулет өнері т.б жөнінде дамылсыз пікір алмасулар жүріп жататын.Әртүрлі халық бұл жерге өз өлеңдерін, әндерін, билерін, музыкасын, әдет – ғұрпын, салт – дәстүрін ала келетін. Осының нәтижесінде адамзаттың ғасырлар, мыңжылдықтар бойы жинаған тәжірибелері баии түсті.