Ұлы Отан соғысының ардагері Құтмағамбет Өтелбаев

Предмет: История
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
                                       Жиырма сегіз жасар жас батыр,                   Оқ тиіп кенет құлады. Тарылып Шыңғыстау тап-тақыр, Ауылда анасы жылады. Аңызбоп бірақ келеді, Батырдың айдын атағы. Аялап Қарауыл жері, Сүйеді оны Отаны.

 

Құтмағамбет Өтелбайұлы (1915-1943)

 

Құтмағамбет Өтелбайұлы 1915 жылы Шыңғыстау баурайындағы  Бидайық (қазіргі Қарауыл ауылында) дүниеге келген.                                             

Көппен бірге 1941 жылы талай жастың қыршыннан қиылуына себепші болған Ұлы Отан соғысына аттанады.Қаншама жаунгерлердің оққа ұшқандарына қарамай қарсыласуды тоқтатпаған қасық қандары қалғанша жау әскерлерін шегінуге бар күш-жігерлерін жұмсаған ержүрек жауынгерлердің бірі Құтмағамбет Өтелбайұлы еді.

Қ.Өтелбайұлы 3-ші миномет ротасы 612 атқыштар полкі,144 атқыштар дивизиясының взвод командирі болды.

1942 жылдың қазан айынан бастап бірнеше дүркін шайқастарға қатысып,ерлік қайсарлық танытты.

1943 ж 8 науырызды Смоленск облысы Тумановск ауданы,Труищево ауылы үшін шайқаста қарсыластарының лаулаған отының астында миномет орнатып,күтпеген жарылыс ұйымдастырды.Осылайша,қарсыластарының үрейін ұшырып,бөлімше әскерінің ауылды азат етуіне мүмкіндік жасады.

Ал,1943 жылдың 10 наурызында Вязьмаға барар жолда Қ.Өтелбайұлы қарсыластарының шабуылын бұзып,жаяу әскер взводына тойтарыс берді.

28 наурызда Сосновка ауылының ауылының түбіндегі жау отына қарамай өз есебімен 8 сағат бойы бөлімше әскерін басқарды.

Осы жылдың 19 тамызында Обериг ауылын түбіндегі межеленген 244,9 биіктігі үшін Қ.Өтелбайұлы қару-жарағы таусылған уақытта жая әскермен шабуылға қатысады. Жау шебіне бірінші болып кіріп,қарусыз сапер күрегімен 4 фашистің көзін жойып,2 неміс жауынгерін тұтқынға алған.

Атқыштар взводының командирі Қ.Өтелбайұлы асқан батырлықпен взводты шайқасқа бастап,қарсыластарының сағын сындырады.Елі мен жерін жау қолынан азат етуде жандарын қиюға дайын жауынгерлер межеге бекітілген 244,9 маңызды биіктігін бағындырдыОсындай ерліктері үшін 612 атқыштар полкінің командиры полковник Анохинның екі мәрте ұсынуы мен «Ерлік үшін» медалімен  және «Қызыл жұлдыз»  орденімен марапатталды.Қ.Өтелбаев 28 жасында қыршынынан қиылды.

Соғыс алаңынан подполковник П.С.Колиниченкодан фашистік басқыншыларына қарсы ерлікгі үшін жауынгер әкесі Өтелбай Айбосынұлына ұлының ерлігі үшін алғыс айтылған хат жолданады. «Бостандығымыз бен арымызды қорғау бәріміздің ардақты борышымыз» деген әке сөзідері де ант ретінде жолданды.

Батыс майданының 33-ші армиясы,65  атқыштар корпусы,Суворов,Кутузов,Александр Невский ордендерінің Виленск Қызылту 144 атқыштар дивизиясы,612 атқыштар полкі,миномет взводының командирі,лейтенант,БК(б)П мүшесі Құтмағамбет Өтелбайұлы 1943 жылы 15 қыркүйекте Смоленск облысы,Кукева ауылында ерлікпен қаза тауып,Ельния қаласындағы бауырластар зиратында жерленген.

Ресей Федерациясының Естелік кітабында сонымен қатар,Смоленск облысындағы мемориалдық тақтаға басқа жауынгерлермен қатар Құтмағамбет  Өтелбайұлыныңда есімі жазылып,ерлігі мәңгі ел есінде қалды.

1943 жылдың 12 желтоқсанында ұлын жоғалтқан ана Кульжамила Бөкенбайқызының жан жарасы «Өшпес даңқ» поэмасын өмірге әкелді.                                                                                             Алтынмен аты жазылған,                                                                                                Ақ сүтімді ақтаған                                                                                                      Адал туған балам бар                                                                                                  Ол-Құтмағамбет құлыным - деп жазды.                                                               

Ер жүрек батыр ұлын ұмытпау үшін «Жас Ұлан» ерлер-мектеп лицейінде №1 дәрісхана  14 қазан  2014 жылыдан бастап  Ұлы Отан соғысының  ардагері Құтмағамбет Өтелбайұлы есімі  берілді.

 «Ерлік елге мұра-ұрпаққа ұран»-дегендей Ұлы Отан соғысының  ардагері Құтмағамбет Өтелбайұлының жасаған ерлігін еш уақытта ұландарымыз ұмытпақ емес,әр қашан жадында сақтайды.  

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.1 Mb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 83

Похожие материалы