Мақала

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
  Жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері үшін Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен ағылшындық Кэмбридж университеті бірігіп жасаған  жоба барысында ұйымдастырылған біліктілікті көтеру курсында нені үйренем?, қалай үйренем? бұндай ауқымды жобаны игеріп алуыма шамам келе ме? нәтижесі қандай болады? деген қызығушылық сезімім толғандыратын. Аталған курста сындарлы оқытуға негізделген тәсіл түрлері кеңінен қарастырылған. Әсіресе, 7 модуль негізінде білім беру мен білім алудың жаңа әдіс-тәсілдерін өз деңгейінде игеру.             Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер негізінде өткізілген сабақтардан біраз өзгерістер байқадым. Олай дейтінім, дайын білім «дәстүрлі» әдіс арқылы бір-бірімен тиімді сіңісе, қиылыса, байланыса алмайды. Сол себепті де механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді, білімді оқушы оны өмірде ұштастыра, пайдалана алмайды.  Ал, біз меңгеріп жатқан сындарлы оқытудың мақсаты - оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамытуына, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Ол үшін мұғалімнің өзінің сындарлы білімі, оқытуы, жаңа инновациялық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді меңгерген, жаңа ғасырдың форматты мұғаліміне сай қасиеттері болуы қажет. Сонымен қатар, мұғалімде сенім болуы керек,  сенім – оның көзқарасын, шешім қабылдауын және іс-әрекетін нығайтады. Мен де осындай сеніммен өткізілген сабақтарымның нәтижесі оң болды деп ойлаймын. Себебі, бұрынғы «үнсіз» отырған оқушыларым білім беру мен білім алудағы жаңаша әдіс-тәсілдер негізі бойынша  өткізілген сабақтар барысында  біршама белсенділік танытып, серіктестерімен ынтымақтаса сұхбатқа түсіп, ойларын еркін жеткізіп отырды. Тіпті, сабақ соңында толтырылған кері байланыс парақтарын да оқи отырып, оқушыларға білім беру мен білім алудың жаңаша әдіс-тәсілдері ұнағанын, болашақта сабақтардың барылғы дерлік осылай өткенін қалайтынын, шағын топта жұмыс жасау дағдылары көңілдерінен шыққанын білдім. Бастапқыда біліктілікті арттыру курсы негізінде игерген теориялық білімімді, іс-тәжірибеммен ұштастырғанда қалай болады? Қандай нәтиже берер екен? деген сұрақтарымның жауабын тапқан секілдімін. Өзімнің де сабақ топтамасын әзірлеуде машықтанғаным сезілді. Бұл жоба баланың дамуына ықпал ететін және нәтижеге бағытталған сабақ деген не екенін санамызға тереңнен жеткізе білді. Біріншіден, оқушының қызығушылығының артқанын байқадым. «Қызығушылық болған жерде-білім болады» деген ойға келдім. Екіншіден, мұғалім өз жұмысына өзі рефлективті талдау жасай отырып, сол сабағында нені тиімді қолдандым, не сәтті өтті, қандай жұмыс түрі сәтсіздік тудырды, оларды болдырмау үшін келесі сабақта қандай қадамға бару керектігін сараптап, ой елегінен өткіздім. Бұл жерде мен өз жұмысыма сыни тұрғыда қарауды үйрендім. Философ, психолог және оқу реформаторы Джон Дьию мен философ әрі индустриялық және технологиялық зерттеуші Дональд Шонның «Рефлексивтік практик» деген ұғымы менің тәжірибе барысындағы іс-әрекеттерімді түйсіне білуіме ықпал етті. Алдағы уақытта білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді қолдана отырып, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды, еркін, жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни көзқарастары жүйелі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін, нәтижелі білім беруге бағытталған сабақ үлгілерін жиі өткізуді, дамытуды жоспарлап отырмын. Бұл жаңаша оқу мен оқытудың әдіс-тәсілдерінің маған берері мол болды. Осы бағдарламаның курсына келгеніме ризамын.  
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 33.36 Kb
Количество скачиваний: 12
Просмотров: 130

Похожие материалы