Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Алимбетова Индира Амангелдикызы
|
Здесь была ссылка на работу Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы автора Алимбетова Индира Амангелдикызы.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Қызылорда облысы Шиелі ауданы № 48 Ә. Қоңыратбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қожамбердиева Күлімхан Бәкіртайқызы Күні: 13. 02. 2014 жыл Пәні: Қазақ әдебиеті Сыныбы: 8 «А» Сабақтың тақырыбы: Мұқағали Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы Сабақтың мақсаты: 1) ақынның өміріне қысқаша шолу,поэзиясына талдау жасай отырып,ақын өлеңінің идеясын,мақсатын ұғындыру; 2) ақиық ақынның жырларымен таныстырып,оқушылардың поэзия туралы түсініктерін,сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту; 3) оқушыларға поэзияны сүйе отырып сұлулық пен махаббатты тануға,адамгершілік пен мейірімділік қасиеттеріне тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: оқулық, ақынның портреті,таратпа қағаздар,ақынның өлеңдер жинағы, үнтаспа, электронды оқулық Сабақтың әдісі: көркем мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды табиғат, ана, аққу жазулары бар парақшаларды алу арқылы 3 топқа бөлу. 1-топ. «Аққу» тобы 2-топ. «Табиғат» тобы 3-топ. «Ана» тобы Жаңа сабақ Электронды оқулықтан Мұқағали туралы бейне ролик көрсету Мұқағали Мақатаевтың ғұмырнамасын оқушылар өздері даярлаған материалдарымен ортада баяндатып,жоба қорғау 1-топ. Мұқағали өмірі? 2-топ. Мұқағали шығармашылығы. 3-топ Мұқағали туралы естеліктер. Проблемаға шығу. Поэманы үйде оқып келгендіктен,талдау сатысына көшеміз. Поэма неше бөлімнен тұрады? Поэма ІV бөлімнентұрады Тақырып Ақынның поэмасындағы негізгі арқау болған тақырып не? 1. Сұлулық 2. Махаббат 3. Зұлымдық 1.Сұлулықты неден көресіңдер? 2. Махаббатты ше? 3. Зұлымдықты кімдер жасайды? 4. Сұлу сөзінің синонимін табыңдар? (ару, әсем, ажарлы...) Ал, поэзияның өзі сұлулық қой. Ақын сезімі арқылы сұлулық поэзиясы туады. Сұлулыққа қарама-қарсы табиғатта зұлымдық бар. 5. Зұлымдық деген не? Негізінде туа пайда болады,жүре пайда болады,поэзияда екеуі де қатар жүреді. 2. Ізденушілік тапсырма. Поэманың тіліне талдау жасау (І топ Аққу, ІІ топ Табиғат, ІІІ топ Ана). Әр топқа жеке-жеке сұрақтар беремін. Берілген сұрақтарды поэмадан тауып оқып беру. (10минут) І топқа 1.Аққудың рең әсемдігін айқындарлық сөздерді табыңдар? 2.Аққудың мүсін келістігін кескіндеген сөздер, 3.Аққудың әдемі,жарасты әрекеттерін табыңдар? 4. Аққу үнінің ерекшелігін бейнелеген сөздерді табыңдар? 5. Оқ тиген аққудың мүшкіл халін өрнектеген детальдарды тап. ІІ топқа 1.Табиғаттағы түс, рең ерекшелігін білдіретін сөздерді тап. 2.Су тазалығын ашатын деталь көріністерді тап. 3.Табиғаттағы тыныштық салтанатын тағы қай көріністен байқаймыз? 4. Поэмада Жетімкөл сұлулығы қалай суреттеледі? 5. Егер сен суретші болсаң қалай бейнелер едіңдер? ІІІ топқа 1. Ана неге аққуды атпақ болды? 2. Теріс ниеттен көлге барған ана толғанысы қалай өрістеді? 3. Аққуды ату кезіндегі ана әрекетіне баға берейік. 4. Құсты құлатқаннан кейінгі ана өкінішіне үңілейік. 5. Бала өлімін көрген ана қасіреті қалай көрсетілген? 3. Шығарманы талдау 1-топ. Тақырыбы мен идеясын табу Авторы Тақырыбы Жанр түрі Идеясы Пейзаж Портрет Мұқағали Мақатаев (1931-1976) Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында дүниеге келген. Сұлулық, махаббат, зұлымдық туралы Поэзия жанры Халықтың наным - сенімін, әдет - ғұрпын жаныңмен ұғынып, санаңа сіңіруді көздеген және сұлулықты дәріптеген туынды. 2-топ. Кейіпкерлерге мінездеме беру Кейіпкерлер Іс – әрекеті, адами қасиеттері Баланың анасы Нағыз ана. Балажан, баласы үшін аққуды атты, Баласы үшін бәріне даяр, қамқор жан Баланың әкесі Адал жан, халық дәстүрін қастерлейді Тәуіп шал Мейірімсіз, таяз ойлы Жылқышы қарт Түсінігі мол, көргені көп 3-топ. Поэманың композициялық құрылысына талдау Оқиғаның басталуы Оқиғаның байланысуы Оқиғаның дамуы Психологиялық шегініс Шарықтау шегі Шешімі Бала ауырып жатыр. Ешқандай ем болмайды. Әке де, ана да әбден қалжыраған. Сол кезде бір тәуіп шал келіп: «Аққумен баланы аластаңдар» деп кетеді... Сонда ана ауырып жатқан баласына қарап : «Егер балам өлсе, бақыттың керегі жоқ!», - деп, атты ерттеп, Жетімкөлге өзі кетеді. Табиғаттың сұлулығына , кереметіне таңғалған ана. Баласын да бір сәтке ұмытып: «Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең!» - деп таңғалып отыр. Ананың ойы, баласының есіне түсуі, келген мақсатын ойлауы. Ананың екіжақты көңіл күйі. Ананың аққуды атуы Абыр-сабыр, үй маңындағы дүрбелең... Баланың қайтыс болуы 4. Шығармашылық тапсырма. Нұрғисаның «Аққу» күйін тыңдатамын 1. Аққу тобы. Аққу – киелі құс (Эссе) 2. Ана тобы. Ана махаббаты құдіретті. (Пікір айту) 3. Табиғат тобы. Табиғаттың сұлулығы мен экологиясы (Сурет салу) 5. Әр топ қорытынды жасайды. 1-топ. Аққуды неге иелі құс дейміз? 2-топ. Тәуіп дегенді қалай түсінесіңдер? 3-топ. Көл не себептен «Жетім көл» деп аталған? 6. Поэмадан эпилог оқу 7. Бағалау Бағалау парақшаларын толтыру Білемін Білдім Білгім келеді 9. Үйге тапсырма. 1. Поэмадан үзінді жаттау 2. Сурет салып келу
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
18.86 Kb
|
Количество скачиваний:
|
66
|
Просмотров: 303
Похожие материалы