Мағжан Жұмабаев «Түркістан» өлеңі.
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Doszhanova Rakhiya Kayumovna
|
Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мағжан Жұмабаевтың «Түркістан» өлеңінің идеялық мазмұнын ашу. Сол арқылы алдын ала берілген тапсырма бойынша Түркістан қаласының тарихы туралы оқушылардың әдеби, тарихи тұрғыдағы өзіндік зерттеу жұмыстарына баға беру. Мағжанның ақындығын Түркістан қаласымен байланыстыра отырып, тарихы туралы жан-жақты мағлұмат беру, ұлттық сананы қалыптастыру.
Тәрбиелік: Отанын, туған жерін поэзияны сүюге баулу, сөз өнерінің құдіреттілігін таныту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Дамыту: Түркістан тарихына шолу жасай отырып, өлеңді құрылысына қарай талдауға машықтандыру, өз беттерінше өлең құрастыру дағдыларын үйрету, поэзияға қызығушылыққа, сүйіспеншілікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта, слайд
Мағжан портреті, ақын лирикасына арналған кесте, тірек-схема, Түркістан кесенесі, Тайқазан суреті бойынша бейнетаспа, «Түркістан» өлеңі жазылған аудиотаспа.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі әдіс, мәнерлеп оқу, тірек-схема бойынша практикалық жұмыстар (өлеңдерді талдау).
Сабақтың түрі: жаңа материалдарды игеру, талдау, ізденіс сабағы,
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ Жаңа сабақ мазмұны.
1. Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық еңбектері.
Поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнерден өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат етіп, өлмес сөз қалдырған ақын М.Жұмабаев тіл құнарлылығы мен ой тереңдігі, сөз қолдану шеберлігі ерекше ақын.
Ақынды толғандырған басты мәселе – қазақ елі мен жерінің тағдыры, ұлт болашағы. С.Құдаштың мынандай сөзі бар: «М.Жұмабаевты мен өзіндік ерекше табиғат болмысы бөлек ақын, өлеңнің асқан шебері санағанмын және солай санаймын да». Бұл орайда, оны Абайдың лайықты жолын қуушы, әрі дамытушы деуге болады.
Қазақ поэзиясы философиялық биікке соңына қарай Абай арқылы көтерілсе, XX-шы ғасырдың басында ұлттық әдебиетіміздегі осы Абай шыңына Мағжан да иықтаса қатар қонды. Ақылдың ақыны Абай мен сезімнің жыршысы Мағжан қазақ поэзиясының көгінде қос жұлдыз болып жарқырады.
М.Жұмабаев – әдемдік деңгейге көтерілген ақын. Оны мұндай биікке көтерген – негізінен қазақтың ұлттық поэзиясының нәрлі құнары. Ол өзіне дейінгі қазақ поэзиясын жақсы білген, керегін алған, үздіктерінен үйреніп, оларды әрі қарай дамытқан жаңашыл ақын.
2. «Түркістан» өлеңі
Оқушылар назары тақтаға аударылып, Түркістан жайлы бейнетаспа көрсетіледі.
Аудиотаспадан «Түркістан» өлеңі тыңдалады.
Сынып 3 топқа бөлінеді:
І топ Әдебиетшілер
ІІ топ Тарихшылар
ІІІ топ Зерттеушілер
Топ басшысы сайланып, білім парағы таратылады.
Сонан соң оқушыларға белгілі уақыт беріледі. Сол уақыт ішінде әр топ өлең шумақтарын талдап, мазмұнын ашып, білім парағына жазады және қорғайды.
« Әдебиетшілер» тобы 1-8 шумақтар
1-шумақ. Түркістан – екі дүние есігі ғой.
«Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой!»
2-шумақ. Тұран-ер түрік мекені.
3-4-5-6-шумақ. Тұран елінің табиғатын мақтан етеді.
6-7-шумақ. Өзен-көлдері.
Оқыс-Яқсарт, Жейхун-Сейхун, Амудария-Сырдария.
8-шумақ. Тұран таулары.
Тянь-Шаньдай, Хантәңірі, Тарбағатай, Памир, Алтай, Қазықұрт.
«Тарихшылар» тобы 9-15 шумақтар
9-шумақ. Қазықұрт қасиетті тау болмаса
Топанда Нұқ кемесі тоқтар қалай?-
деген жолдарын ауыз әдебиетімен байланыстырамын. Нұқ пайғамбардың кемесі және төрт түлік мал туралы мына өлең жолдары келтіріліп түсінік беріледі.
10-шумақ.
Тұрған жері – ғажайып, сиқыр.
Тұранның жері де жад, елі де жад.
Құйындай бастан кешкен күні де жад.
Жад-жадылап алу, сиқырлап алу сөзіне түсініктеме.
11-шумақ.
Тұранға құмар болғандар-Кей-Қысырау мен Зұлқарнайын.
Олар неге Тұранға құмар болды?
12-шумақ. Ақынның мақтаныш сезімі.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ел жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Поэтикалық талдау: эпитет
13-14-шумақ. Хандары – ардақты азаматтары.
15-шумақ. Тарағайдан тараған Темір. Қолбасшысы Ақсақ темір. XIV ғ. (1395ж)
Оның поэмаға қатысы жайлы айтылады.
«Зерттеушілер» тобы 16-24 шумақтар
16-17-18-шумақ. Данышпандары – Ұлықбек, Ибн-Сина, Фараби.
Ұлықбек (1394ж) – астрономия ғылымы негізін салушы.
Абу Ибн-Сина (980-1037) – философ, математик, астроном, медицина саласында әйгіленді. Ол – Орта Азиялық ғалым дәрігер, философ, астроном.
Әбунасыр Әл Фараби – ұлы ғұлама ғалым.
19-шумақ. Тұран – қара шаңырақ.
“Қара шаңырақ” – Түркістан. Түркістан қаласы – бүкіл түркі халқы тәу етіп, қасиет тұтқан ұлы бабалардың, барлық алты алаштың алтын бесігі. Қазақтың қара шаңырағы жеті атасынан бастап, мұра болып келген киелі орда.
20-21-22-шумақ. Хандары. Хандар ұстаған жол.
23-шумақ. Арқаның ардагері – қалың алаш.
24-шумақ. Бабаң бейіті – кие, құт.
Ақынның “Болмаса барсаңшы іздеп бабаң бейітін” деуінде үлкен мәні бар, “баба” деп отырғаны – Қожа Ахмет Иасауи бабамыз. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер – екінші Мекке деп түсіндіреді. Бабаның басына барып қайту үлкен сауап саналады.
Сабақты пысықтау:
1.Поэмада қайталанып тұрған қай шумақ?
-соңғы шумақ.
2. Баба дегені кім?
-Қожа Ахмет. Үлкен ойшыл, парасат иесі, ақын, кемеңгер, білгір.
3.Неге шақырады?
-Адалдыққа, Алланың ақ жолына бас иген Қожа Ахмет Иасауи бабаның еңбегін қадірлеуге, басына барып тағзым етуге шақырады.
4.Ақын нені, түркі азаматының, Алаш азаматының қандай тұлғаларын мақтан етті?
-Тұран елінің табиғатын, жерін, көлін.
-Қолбасшысын, билерін, хандарын, біртуар азаматтары мен ғұлама ғалымдарын.
Сабақты қорытындылау:
Енді шығарманың тақырыбы мен идеясын табыңдар.
Шығатын қорытынды
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
Тақырыпты ашу.
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Хандар – халық қалаулысы.
Қожа Ахмет баба – қасиетті тұлға.
Оқушы еңбегін бағалау.
Үйге тапсырма: Түркістаннан алған әсерім. (эссе)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 26.24 Kb |
Количество скачиваний: | 70 |