Здесь была ссылка на работу Мағжан Жұмабаев. "Қысқы жолда" өлеңі. 5-сынып автора Налибаева Перуза Маделхановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Өлеңді мәнерлеп оқу II. Оқушылар мәнерлеп оқиды ─ Балалар, өлең сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Қандай әсер алдыңдар? Өлеңде қай жыл мезгілі суреттелген? Қазір жылдың қай мезгілі? Өлеңде қазақ ауылындағы қыс мезгілі суреттеледі. Табиғаттағы өзгерістер, қысқы боранның суреті, қазақтың сар даласындағы қыс суреті, оның адамға, жолға қаупі бейнеленген. Өлеңді оқып отырғанда боранның дауысын естіп, денеміз тоңып, жалғыз атты жолаушыны жылы үйге кіргізіп алғымыз келеді. Сөздік жұмыс: 1) Сорап – ескі жолдың сүрлеуі, сілемі 2) Құлағын қайшыландырып – ерсілі-қарсылы қозғалу 3) Борт-борт желеді – аттың жайсыз желуі 4) Құр – бекер, бос, жай, әншейін 5) Аңдай – аң сияқты, аңға ұқсап 6) Қаракөк – аттың аты Эвристикалық тапсырмалар Сұрақтар: 1) Қыста табиғат қалай өзгереді? 2) Адамдар мен жан-жануарлардың тірлігі қалай болады? 3) Қыста адамдар қалай киінеді? 4) Өлеңдегі қыстың кейпінен нені аңғарамыз? Мәтінмен жұмыс 1- тапсырма Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу Тақырып – ақынның айтар ойының қазығы Идея – ақынның айтар ойы мен мақсаты Өлеңнің тақырыбы – қыс мезгілінің ерекшелігі, долы боранның адамға, жан-жануарға әсері. Өлеңнің идеясы – қыс сипатын күшейтіп, суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақыру.