«Мұғалім неліктен өзгеруі керек?» эссе

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Конспекты
Автор:
Мұғалім неліктен өзгеруі керек?   (Эссе)Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. «Маған мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі» деп Ы.Алтынсарин бекер айтпаған.Мұғалім неліктен өзгеруі керек? Оқытудың  мақсат- міндеттерін, бағасын білгендіктен өзгереді. Дұрыс жұмыс істеп, басқаларға үлгі бола білу үшін өзгереміз.  Қазіргі заман ағымына сай тұлға тәрбиелеу үшін барымызды саламыз, өз білгенімізді бала бойына сіңіріп, жақсы тәрбиеленген, алғыр, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеуіміз керек. Қазіргі кезде жан-жақтан берілетін ақпарат құралдары көп болғандықтан оқушылар оны тез қабылдайды. Соның салдарынан олардың тіл байлықтары дұрыс жетілмейді. Осындай кемшіліктерді болдырмау үшін оқушымен жан- жақты дұрыс жұмыстар жүргізілу қажет. Ұстаздар қауымы өздеріне жүктелген міндеттерге мойынсұнып, үздіксіз жұмыс жүргізуіміз керек. 
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 30 Kb
Количество скачиваний: 231
Просмотров: 658

Похожие материалы