«Мұғалім ... Қоғам...Қызмет... Бейімділік...»
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Калиева Жанар Кенжебаевна
|
Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Мен, Калиева Жанар Кенжебаевна өз педагогикалық іс-тәжіребиемді 1990 жылы Ешім ауылында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметінен бастадым. Жалпы білім беру жүйесінде 25 жыл жұмыс істеймін. 1999 жылдың кыркүйек айынан бастап, №2 Новоишим орта мектебінде қазақ мен әдебиеті мұғалімі қызметін атқарудамын.
Мұғалім-мектептің басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі жоғары, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы, әсіресе, сабақ беруіндегі бір ерекшелігі-ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсініп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі.
Сол себепті биылтырғы оқу жылында Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, куәлік және сертификат алдым.
Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағдылар да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптастыруда. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерңн жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал 21 ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. 21 ғасырдың іскер оқушылары-бәсекеге қабілетті, ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, адаммен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын басқаның пікірімен санаса алатын, кез келген нәрсені істеп шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орныны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.
Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген бағдарламалар нақты және күрделі жағдайларды қалай талдау қажеттігін, оқушыларды 21 ғасырда өмір сүруге дайындау үшін мектеп тәжірибесіне қалай өзгеріс енгізіп, осы шара барысында күтілетін нәтижелерге қол жеткізілгенін қалай бағалау қажеттігін терең түсінуді көздейді.
Бүгінгі мемлекет алдындағы басты міндет – білім беру жүйесін жаңарту болып отыр. Қазіргі білім беру саласында оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болуы мүмкін емес. Әрине, маманның сапасы мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты. Дана халқымыз: «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы» деп текке айтпаған. Ал курс барысында республиканың әр түкпірінен келген мұғалімдер біліктілікті арттырудың мән-жайына қанығып, соңғы заманауи технологияларды басшылыққа алады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 4.68 Mb |
Количество скачиваний: | 3 |