«Мамандықтың бәрі жақсы» атты пікірталас

Предмет: Другое
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Күйкен орта мектебі» ММ кітапханасында 20 сәуір күні 9-11 сыныптар арасында өткізілетін «Мамандықтың бәрі жақсы» атты пікірталастың бағдарламасы.

Мақсаты: оқушыларға алдыңғы уақытта заман талабына сай дұрыс мамандық алу үшін бағыт – бағдар беру, мамандықтың қызығы мен қиындығы болатындығын жете ұғындыру. Ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Міндеті: қазіргі заманға қажетті кәсіптерді таңдауына, қоғамдағы

әр түрлі проблемаларды жеңе білуге тәрбиелеу.

Пікір – таластың барысы:

І.Кіріспе: оқушылар пікірін тыңдау. «Психологиялық сәт»,

«Ең жақсы» ойыны

ІІ. Негізгі бөлім: Маман иелерімен сұхбат. «Мамандықтардың тізбегі» ойыны

«Керек кәсіп бәрі де » атты сән әлемін тамашалау

ІІІ.Қорытынды: суретті тест.

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Құрметті оқырмандар!

Көктемнің алғашқы сәуір айында біздің кітапханалар мектеп бітіруші түлектерге арнап кәсіптік бағдар беру бағытында түрлі мәдени – шаралар өткізілді. Сондай дәстүрлі шараның бірі бүгінгі сіздермен өткізгелі отырған «Мамандықтың бәрі жақсы..» атты пікірталас кеші. Бүгінгі біздің кешімізге қош келдіңдер! Ойымызды бүкпесіз ашық айтып, сыр бөлейік!

Олай болса, кешімізді ары қарай жүргізу үшін сөз тізгінін жүргізушілерге

берейік:

1 – жүргізуші:

Мамандық таңдау – адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бір. Өйткені,

адам тағдырының бір бөлігі таңдаған мамандығымен ұштасып жатады.

Адам асқақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Кемеңгер дана Абай

атамыздың «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалам» деген

қасиетті сөзі өз мақсатына жету үшін жол тартқан әрбір жас үшін зор

мүмкіндіктерге жол ашары сөзсіз.

2 – жүргізуші:

Мамандық – белгілі даярлықты қажет ететін іс – әрекет түрі,тіршілік көзі,

іскерлік және дағды жүйесі. Мамандық таңдау – жасөспірімдік кезеңде

қабылданатын жауапты шешімдердің біреуі және бірегей. Мамандық

таңдауға ықпал ететін факторларды ескерту қажетті нәрсе: Олар мыналар;

  • -Ересектер, отбасы көзқарасы;
  • -Құрбы – құрдастардың көзқарасы;
  • -Мектептегі педагогикалық ұжым.
  • -Жеке кәсіби өмірлік жоспарлар.
  • -Қабілеттіліктер мен олардың көрінісі.
  • -Кәсіби әрекет туралы мағлұматтану.
  • -Бейімділік.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.76 Kb
Количество скачиваний: 19
Просмотров: 129

Похожие материалы