Математика 2-сынып. Тақырыбы: Көпбұрыштар. Көпбұрыштардың периметрі.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

2-сынып математика.

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыштар. Көпбұрыштардың  элементтері,  периметрі.

Сабақтың мақсаты:

1.«сынық сызық» түсінігін енгізу (тұйықталған, тұйықталмаған); сынық сызықтың ұзындығын табуға үйрету; «көпбұрыштың периметрі» түсінігімен таныстыру жөне оны табуды үйрену.

2. Оқушылардың  есте сақтау қабілеттерін арттыру.

3. оқушыларды байқампаздыққа, ұқыптылыққа  тәрбиелеу.

 Сабақтың  түрі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік.

Көрнекіліктер: суреттер, геометриялық фигуралар  және  әртүрлі  заттар.

 

Сабақтың  барысы:

1. Ұйымдастыру  кезеңі: Сәлемдесу,  сабақтан  қалған  оқушыларды  түгелдеу. Оқушылардың  зейінін  сабаққа аудару. Сабақтың тақырыбын  хабарлау. Мақсатымен  таныстыру. Бүгінгі  сабағымыздың  мақсаты: «сынық сызық» түсінігін енгізу (тұйықталған, тұйықталмаған); сынық сызықтың ұзындығын табуға үйрету; «көпбұрыштың периметрі» түсінігімен таныстыру жөне оны табуды үйрену.

Ал,балалар, алғашқы сабағымызды  көңілді тілектерден бастайық.  Бір-бірімізге қарап хормен   бүгінгі күнге  тілек тілейміз.

Қуанамын мен де ,                          

 Қуанасың сен де.

Қуанайық ,достарым,

Арайлап атқан күнге.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

65-бет.№4. Өрнектерді салыстыру. (Дәптерлерін жинап алу)

 

ІІІ. Тақырыпқа  көшу кезеңі.

Тірек білімдерін жетілдіру.

1. Ауызша жаттығулар.

«Үндемес» және басқа да балалардың ауызша есептеу дағдыларын жаттықтыратын ойындарды ұйымдастыру.

Есептеу дағдыларын пысықтау үшін «Есептеу машинасы», «Қай қатар жылдам?» ойындары, 0-ден 20-ға, 30-дан 50-ге дейінгі сандарды тура және кері санау жұмыстары жүргізіледі.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 10.5 Kb
Количество скачиваний: 37
Просмотров: 271

Похожие материалы