Математика 5 сынып , сабақ жоспары
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Мақсұт Нұрсара Мұқатайқызы
|
Сынып: 02 А (6 сынып)
Күні: 20.02.15ж.
Құрастырды: Мақсұт Н.М.
Сабақтың тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу.
Сабақтың типі: бекіту сабағы.
Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, жұптық, жеке
Қолданылған технологиялар: проблемалық, ақпараттық-коммуникативтік, АКТ технологиялары.
Сабақтың мақсаты: бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешу .
Сабақтың міндеттері:
*білімділік – бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешіп, координаталық сәуледе кескіндеп, жауабын дұрыс көрсете білу.
*дамытушы –оқушылардың ойлау қабілеттерінің (талдауы, салыстыруы,себеп-салдарлы байланыс жасай алуы) дамуына мүмкіндік беру;
*тәрбиелік - оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын: басқа адамның ойын тыңдау, өзінің көзқарасын дәлеледей алуын қалыптастыру.
Оқытудың әдістемелік өлшемі: өзіндік жұмыс, топтық жұмыс , ҚБТ.
Құрал-жабдықтар: ноутбук,смартфондар, стикер, маркер, таратпа материалдар, бағалау парақтары.
Күтілетін нәтижелер:
· Пәндік құзыреттілік:
а) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер қасиеттерін есеп шығаруда қолданады;
ә) координаталық сәуледе теңсіздіктің шешімін дұрыс көрсете алады;
б) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесінің шешімдер жиынын сан аралығы арқылы жаза алады;
в) сан аралығын өмірде қандай түрде қолданылатынын, маңызы мен пайдасын айқындай алады.
· Ақпараттық құзыреттілік:
-берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады: мәтін, кесте мен таныстырылым материалдары;
· Коммуникативтік құзыреттілік:
-өзіндік жұмыстарды топта, жұпта немесе жеке түрде орындай алады, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасай алады, алға қойылған мақсаттарды бірлесе отырып шешеді;
-көпшілік алдында өз ойын еркін айтады, алған мәліметтер арқылы нақты бір шешім қабылдауға тырысады;
· Басқарушылық құзыреттілік:
- топта оқушылар өздерінің атқаратын қызметін жүйелеп, басқа оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастырады.
· Жеке құзіреттілік: өзінің білім алуына, еңбектенуінекөңіл бөледі;
Әлеуметтік құзыреттілік.
- ақпартты ала алады, басқа баладан сұрай алады, интернет көзіне кіре алады.
Енгізілген модульдер:
1. оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
2. сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
3. оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
4. оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану
5. талантты және дарынды балаларды оқыту
6. оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7. оқытуды басқару және көшбасшылық
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 261.63 Kb |
Количество скачиваний: | 39 |