Математика 6-сынып Сабақ жоспары "Сан аралықтары"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Акенева Асем Жумагалиевна
|
Күні:
Сынып:
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Екі сан аралығының қилысуы мен бірігуі(Есептер шығару)
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: сан аралықтарының түрлерін және теңсіздіктер шешімдер жиынын сан аралығында кескіндеуді және жазуды, сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуі тақырыбын қайталау.
Дамытушылық: сан аралықтарының қиылысуы мен бірігуі тақырыбына есептер шығару барысында дұрыс қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Топпен жұмыс істеуге, өзгенің пікірін тыңдай білуге, көпшіл сезім
Көрнекілік: Үлестірме материалдар.
Сабақтың типі: Білімді бекіту
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеріп, топқа бөлемін.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1)[1;5] және [3;7] сан аралықтарының бірігуін тап
2)[-2;5] және [1;7) сан аралықтарының қилысуын тап және сатылай кешенді талда.
Сатылай кешенді талдау:
Бірігуі: [1;5] U [3;7] = [1; 7]
Қилысуы:[-2;5] ∩ [1;7) = [1;5]
III. Қызығушылықты ояту
Мына аралықтарға мысал келтір:
Кесінді –
Интервал –
Сауле –
Жартылай интервал –
Ашық сауле –
IV. Тест тапсырмасы
1 - нұсқа
1. Мына аралықты қос теңсіздік түрінде жаз: [-2;5]
А) -2≤х≤5 В) -2˂х˂5 С) -2≤х˂5
2. Сан аралығының атын ата: [-3;+∞)
А) Жартылай интервал В) ашық сәуле С) сәуле
3. (-3;5] сан аралығына мына сандардың қайсысы жатады?
А) -3; 2; 5. В) -3; -2; 6; 1. С) -2; -1; 0; 5
4. (-7; 3] және [-4; 5) мына сан аралықтарының қилысуын тап:
А) [-4;3) В) [-4;3] С) (-4; 3)
5. [1; 7] және [3; 9) мына сан аралықтарының бірігуін тап:
А) [1; 9) В) (1; 9) С) [1;9]
2 - нұсқа
1. Мына аралықты қос теңсіздік түрінде жаз: (-5;3]
А) -5≤х≤3 В) -5˂х˂3 С) -5˂х≤3
2. Сан аралығының атын ата: (-∞; 5)
А) Интервал В) ашық сәуле С)
3. [1;5) сан аралығына мына сандардың қайсысы жатады?
А) 1; 2; 4. В) 2; 3; 5. С) 1; 3; 5
4. (-1; 3] және [1; 5) мына сан аралықтарының қилысуын тап:
А) (1;3) В) [1; 3] С) (1; 3]
5. (-3; 4] және [-1; 6] мына сан аралықтарының бірігуін тап:
А) (-3; 6) В) [-3; 6] С) (-3; 6]
Жауабы: 1-нұсқа: 1-А; 2-С; 3-С; 4-В; 5-А.
2-нұсқа: 1-С; 2-В; 3-А; 4-В; 5-С.
V. Жұппен жұмыс:
Сан аралығының координаталық түзудегі кескіні
1,7 3
1 5
4 7
4
Сан аралығының аты
кесінді
интервал
жартылай интервал
сәуле
Сан аралығының белгіленуі
[1,7; 3]
(1; 5)
(4; 7]
[4; +∞)
Қос теңсіздікпен жазылуы
1,7≤х≤3
1˂х˂5
4˂х≤7
х≥4
VI. Топпен жұмыс
Сатылай кешенді талдаңдар:
1)[-3;1] және [-1;3] сан аралықтарының бірігуін тап
2)[1;5] және [3;7) сан аралықтарының қилысуын тап
[-3;1] U [-1;3] = [-3; 3]
[1;5] ∩ [3;7) =[3;5]
Сатылай кешенді талдау:
1.аталуы
2.оқылуы
3.координаталық түзуде кескінделуі
4.теңсіздік түрінде жазылуы
5.аралыққа тиісті бүтін сандар
6. аралыққа тиісті ең үлкен бүтін сан
7. аралыққа тиісті ең кіші бүтін сан
VII. Үйге тапсырма
1)[-3;9)және (2;7] сан аралықтарының бірігуін тап
2)[3;7] және [5;9) сан аралықтарының қилысуын тап
Сатылай кешенді талдау:
VIII. Бағалау.
Бағалау парағы бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.
IX. Қорытынды
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 824.43 Kb |
Количество скачиваний: | 101 |