Математика. Ашық сабақ: 7 санын қосу және азайту.

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: 7 санын азайту және қосу тәсілдері оқушылардың білімдерін бекіту. 7-ні қосу және азайту тиянақтай түсу барысында түсу кестесін құрастыру және қосылғыштарының біреуі 7 болып келген жағдайдағы санның құрамы жайлы білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: есеп, өрнек, қосынды мен айырмаға өрнек құрастыру және салыстыру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Тез ойлауға, шапшаң есептеуге баулу, ой өрістерін кеңейту.

Тәрбиелігі: ептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Тақтаны және дәптерді ұқыпты пайдалануға баулу.

Көрнекілігі: қасықтар суреті, карточкалар, санамақ, тест, сигналды карточкалар, ойын элеметтері, үйшік макеті, ит мүсіні.

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, ұлттық дүниетаным.

Түрі: Жаңа білімді игерту.

Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, өрнек құру, ойнау. Ой шақыру.

Сабақтың барысы:

       I.            Ұйымдастыру кезеңі.

-          Балалар, бүгін бізде математикадан ашық сабақ. Бұл сабағымызда әрқайсымыз 

математикадан бүгінгі күнге дейін не үйреніп, не білгенімізді ортаға салуымыз керек.

    Сабағымызды бастамас бұрын мен сендердің математика сабағын қаншалықты жақсы білетіндеріңді байқайын. Ол үшін барлығымыз бірігіп, «Кім көп сөз айта алады?» ойынын ойнайық. Ойынның шарты бойынша тақтаға жазылған математика сөзіндегі әріптерден бірнеше жаңа сөздер ойлап айтайық. «Ат, ем, мата, ата, ит, атам, мама)

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз.

Сабақты біз бастаймыз.

 

    II.            Өткенді пысықтау.

-          Балалар, алдарыңда тұрған зат қалай аталады?

     Осы затты мұқият қарап алып, қандай фигуралардан құрастырылғанын атаңдаршы. «Шатыры – үшбұрыштардан және төртбұрыштардын, арты – шарщыдан, екі жақ жаны төртбұрыштардан).

-          Бұл заттың аты не екен?

Үйшіктің аузында сиқырлы құлып тұр. Ал оның кілті жоғарыда ілулі тұр. Үйшіктің есігін ашу үшін бәріміз «Миға шабуыл» деп аталатын ойынға қатысайық. Ойын шарты бойынша сұрақтарға шапшаң әрі дұрыс жауап бере білуіміз керек.

-          Бір аптада неше күн бар? (Қазақша, орысша ретімен айтқызу)

Бүгін аптаның нешінші күні? (Үшінші, яғни сәрсенбі)

-          Жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта сөздеріне сәйкес іс-әрекет көрсету.

-          Сандарды немен белгілейміз?

-          Кесіндіні немен өлшейміз, оның өлшем бірлігі қалай аталады?

-          Қосудың компонеттерін ата.

Табақта 5 алма, қолымда 2 алма.

Барлығын қосқанда болады неше алма?(7алма)

(Жауап берген оқушыларға жетон беріп отырамын)

Кілтті алып үйшік есігіндегі құлыпты ашқанда музыкалық кілт тұрады. Музыкалық кілт бойындағы тапсырманы орындау.

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 28.54 Kb
Количество скачиваний: 18
Просмотров: 149

Похожие материалы