Математика. Ашық сабақ.Тақырыбы: Бірден үшке дейін санауды,кеңістікті бағдарлауды бекіту.
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кунанова Айнур Давлетхановна
|
ҰОІӘ технологиялық картасы
«Балапан» естияр тобы
Білім беру саласы:Таным
Бөлімдері: Математика
Тақырыбы: Қорытынды сабақ . Бірден үшке дейін санауды,кеңістікті бағдарлауды бекіту.
Мақсаты: Бірден үшке дейін санауды бекіту. Кеңістікті бағдарлауды бекіту. Геометриялық пішіндерді ажыратуды тиянақтау.Уақыт деген түсінікті меңгеруді бекіту. Заттың жалпақтығын салыстырып беттестіріп көру, «бірдей», «тепе-тең» сонша,қанша,көп,аз ұғымдарын бекіте отырып,оң қолымен солдан оңға қарай қоюды қадағалау,екі топтағы заттарды салыстыруды қадағалау.
Билингвальдік компонент:қоян-заяц,шырша-ёлка.
Керекті құралдар:цифрлар,екі тақталы жолақшалар,тәрелкелер, ( 3 көбелек,3 гүл) геометриялық пішіндер,шыршалар.
Кезеңдер
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Моти-
вация-
лық
қозғау-
шылық
Шаттық шеңбері.
-Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!
-Балалар,бүгінгі күндерін сәтті өтсін! Барлықтары-
на сәттілік тілеймін!
-Балалар,қазір қандай жыл мезгілі?
-Күз жыл мезгілінде неше ай бар?
Табақта 1 алма,
Қолымда 2 алма,
Қосқанда барлығы,
Болады неше алма?
Жан-жаққа кетті зымырап,
Мысықтан қорыққан тышқандар,
Қорапқа кірді біреуі,
Артынан кетті екеуі,
Тығылды сонда нешеуі?
Осы кезде әсем әуен ойналып тұрады,ғажайып сәт,ішке қоян келеді.
-Қоянды орысша не дейміз?
-Заяц дейміз.
Шаттық шеңберіне тұрады.
Қуанып,мәз болады.
Сұрақтарға жауап береді.
3 алма
3 тышқан
Ұйымдас
тыру
іздестіру
- Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мен сендерді көргені-
ме өте қуаныштымын. Мен сендерге тапсырмалар әкелдім.Балалар, қоянның 1-тапсырмасы:
- Сендер оң мен солың айыра алмасыңдар ма,
соны көргісі келеді.Бинура,сенің оң жағында және сол жағында кім тұр? Бірнеше бала айтады.
-Орманға жол көрсетіп,серуендеп келейік.
Алда өзен бар. Өзеннен көпір арқылы өтеміз.
2-тапсырма.
Көпірдің қайсысы жүруге ыңғайлы деп ойлайсыңдар? Жалпақ және жіңішке картондарды салыстырамыз,беттестіріп,
жалпақ көпірді таңдаймыз.
Не себепті жалпақ көпірді таңдадыңдар?
-Жақсы,балалар біз өзеннен көпір арқылы сәтті өт-
тік.
Орманға келдік. Орманда қандай ағаш өсіп тұр?Бізде Самар ауылында шырша өсе ме? Шырша-ёлка.Келесі тапсырма.Шыршаларды салыстырып көрейікші,бойлары қандай? Біреуі-биік,екіншісі-аласа.
Орнымызға отырамыз.«Үлестірмелі құралдармен жұмыс»
Сол қолды қоямыз.Оң қолмен жоғары көк жолаққа солдан оңға қарай мынанша
(3цифрын көрсету) гүл қоямыз.Қызыл жолаққа 1 санға артық көбелек қояйық.Бірінің астына бірін қоямыз. Қайсысы артық,қайсысы кем. Гүлдер көп, көбелектер аз. Неге гүл көп?
Өйткені гүл 3-еу,ал көбелек 2-еу. Бірнеше баладан сұрау.
Қанша гүл,қанша көбелек болды? Қанша аз? Бәрі-
не жетті ме? Тепе-тең болды ма? Тепе-тең болу
үшін не істеуіміз керек? Қанша гүл болса,сонша көбелек немесе қанша көбелек болса,сонша гүл.
Тепе-тең немесе қалай айтуға болады? Бірдей .
Сергіту сәті.
Орымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық,
Бір отырып,бір тұрып,
Біз тынығып алайық.
«Уақыт»
(Қоянның суретімен)
1.Қоян не істеп тұр?
Таңертеңгі жаттығу жасап тұр.Яғни, бұл қай уақыт? Таңертең.
2.Қоян не істеп отыр? Қандай уақыт? Күндіз.
3. Қоян не істеп жатыр?Ұйықтап жатыр.Қашан
ұйықтайды? Түнде .Жеке бірнеше баладан сұрау.
Геометриялық пішіндерді ажырату.
Мынау қандай геометриялық пішіндер?
Олардың түстерін атайды.(тік төртбұрыш, шаршы,шеңбер,үшбұрыш) «Өз үйіңді тап» ойынын ойнаймыз.
-Сәлеметсіз бе, қоян!
Тапсырманы орындай-
ды.
Тапсырманы орындай-
ды.
Тапсырманы орындай-
ды.
Қимылмен жаттығу жа-
сау.
Сұрақтарға жауап береді.
Сұрақтарға жауап береді.
Ойын ойнайды.
Рефлек
сивті түзетуші
лік
-Бізге бүгін кім қонаққа келді?
-Біз қоянмен қайда бардық?
-Орманда не көрдік?
Қандай геометриялық пішіндермен ойнадық?
-Балалар,қоян сендерге рахметін айтады,сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Қоштасады.
Сұрақтарға жауап береді.
Қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Не біледі:Уақытты бағдарлауды.
Қандай түсініктерді игерді: жалпақ-жіңішке,оң-сол.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: жолақшамен жұмыс істеуді.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 33.86 Kb |
Количество скачиваний: | 15 |