«Математика әлемінде» курстық бағдарламасы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Түсінік  хат.

 

       «Математика әлемінде» курстық бағдарламасының бастауыш сыныпта  оқытуда атқарар рөлі зор.Бұл  пән оқыту мен танымдылық бағытына жүйеленіп  жасалған.  Аталып отырған бағдарлама математикалық  ұғымды нығайтумен қатар оқушының білімге деген  құштарлығын арттырады.

      Сонымен қатар бұл  3 сыныптарға арналған таңдаулы курс бағдарламасы және  кешендік әдістемелік құралы екі бөлімнен тұрады.

1.     3 сыныптарға арналған таңдаулы курс бағдарламасы.

Бағдарлама жүйелі жасалып,оқушы деңгейіне сай саутты құрылған.

2.     Мұғалімдерге арналаған сабақ жоспарлары.

Мұғалімдерге арналған сабақ жоспарлары мұғалімдерге жұмыс жасауға және бағдарламаны оқушыға меңгеруге бейімделіп жасалған.

       Бағдарламаның өзектілігі: кіші жастағы оқушылардың тұлғалық деңгейін арттырып,олардың  жан-жақты қалыптасуына бағыт береді.Сондай-ақ есте сақтауының,жадысының,зейінінің негізін қалайды.

      Бағдарлама бағыты:

-баланың жан-жақты дамуына жағдай жасау;

-оқушының дүниетанымын  арттыру;

-баланың көңіл –күй жетістігін қалыптастыру;

-ой шақырып,ой түйіндей білуге үйрету;

-психологиялық денсаулығын нығайту;

           Сондай-ақ баланың  шығармашылық  шеберлігін  бірден  дамыту  мүмкін  емес.  Сол  себептен  танымдық  тапсырмалар арқылы баланың  интелектуалды  және   шығармашылық   мүмкіндіктерін  қалыптастыру  қажет.

       Берілген  құрал 3-сынып оқушыларының  танымдық қызығушылығын  дамытуға жағдай жасай отырып, баланы іздемпаздыққа және өзіне  сенімді

болуға ұмтылдырады, ақыл-ой  деңгейін қалыптастырады.

Тапсырмалар оқыту  мен дамытуға  арналған.Сол себепті логикалық  тапсырмалар,жеке  тұлғаның өзіндік  ойлау  қабілетін  дамыту мен қалыптастыру  болып  табылады.Яғни,назар аудару,елестету,есте сақтаудың  түрлері,сұрыптау ,зейінді  дамыту  және ойша тұжырымдамажасау.

      Әр сабақ  сайын  тапсырмалар қиындайды,көлемі  көбейіп,тапсырманы

орындау жылдамдығы  артады.

    Бұл  жинақта ұсынылып  отырған материалдар математиканы  оқыту бағдарламасына сәйкес құрастырылған.Құралда  өздігінен  орындайтын  тест  және  баланы тез есептеуге баулитын тапсырмалар  бар.

     Тақырып  бойынша  құрастырылған  тапсырмалар  жүйелі дамытып оқыту

идеясын жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді.

 

Педагогикалық  мақсаттылық:ақыл ой жүйесі,ақыл-ой жетістігі: қорытындылау, салыстыру,саралау,тарату,оқушылардың  алған  білімдерін  жоғары  дәрежеде  тиянақтап бекіту.

Тип материала: Архив RAR (rar)
Размер: 2.75 Mb
Количество скачиваний: 3
Просмотров: 95

Похожие материалы