Здесь была ссылка на работу Математика пәнінен ашық сабақ автора Кузембаева Ляззат Дюсенбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Күні : 08.04.2014ж. Сабақтың тақырыбы : Өткенді қайталау. Сабақтың мақсаты : 1. Қызығушылықтарын арттыра отырып , өткен тақырыптарды қайталап , білімдерін бекіту , білім ,білік дағдыларының деңгейін анықтау.тез, шапшаң, ауызша есептеу қабілеттерін арттыру. 2.Ой ұшқырлығы мен логикалық ойлауын дамыту. 3. Оқушыларды ізгілікке , ептілікке , жылдамдыққа ,тапқырлыққа баулу. Адамгершілік , имандылық қасиеттерді қалыптастыру. Түрі : саяхат сабақ. Әдісі : « дамыта оқыту » технологиясын пайдалану, сұрақ – жауап. Көрнекілігі : интерактивті тақта , сандар қатары. Пәнаралық байланыс : ана тілі . Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі. 2.Үй тапсырмасын тексеру. (2-3 оқушыдан сұрау) Мақсат қою: Балалар , бүгінгі біздің математика сабағаның мақсаты ауызша қосу мен азайтудан алған білімдеріңді көрсету.Есеп шығара отырып , математика тілімен сөйлеуді одан әрі жандандыру. 3. Жаңа сабақ . Бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес , «Саяхат сабақ» . Бүгін біз «Мультфильмдер еліне » саяхатқа барамыз. Себебі ондағы қиындыққа тап болған кейіпкерлер сендерден көмек сұрап жатыр. Оларға көмектесу үшін сендер берілген тапсырмаларды мұқият , қатесіз орындауларың қажет. - Ал сендер өздерің қандай мультфильмдерді білесіңдер ? - Кімдер сендерден көмек сұрауы мүмкін ? Олай болса , кім қиын жағдайға тап болып , көмек сұрап жатыр екен ? - Қай мультфильмнен үзінді? Мультфильм «Алдар Көсе» . Оқулықпен жұмыс . № 1. Ондықтармен тура және кері санау. 10 20 30 40 50 60 70 80 90 100 100 90 80 70 60 50 40 30 20 10 Ондықтармен қосынды , айырма құра , компоненттерін ата. Қосылғыштардың орнын ауыстыру. ( ережесін айт) «Қошқар мен теке» №2. Тақтамен жұмыс . Тақия – 40 Шешуі : 40 – 30 = 10 ( көк тақия) Қызыл – 30 Жауабы: Фабрикада 10 көк тақия тігілді. Көк - ? «Ну, погоди» № 4. Тақтамен жұмыс. Сергіту сәті . «Қу серке» № 4. Логикалық тапсырма . 1.Мен бір сан ойладым. Ойлаған санмен 4 – тің қосындысы 9-ға тең. Мен қандай сан ойладым? Теңдеу құру. Х+4 =9. Қай компонент белгісіз ? Оны табу үшін не істейміз? 2. 10 – нан мен ойлаған санды азайтсам 3 шығады. Мен қандай сан ойладым? Теңдеу құру. 10 – х = 3. Сабақты бекіту. № 5. Сабақты қорытындылау. Бүгін сабақта не істедік ? Үйге тапсырма : 170 – бет. № 3. Бағалау.