Математика пәнінен сабақ жоспары "Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару"
Предмет: | Математика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Дильдаимова Жанар Кудайбергеновна
|
Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Жарияланды 28-12-2014, 21:08 Категориясы: Математика
Тақырыбы: Квадраттық теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару
Типі: білімді бекіту қайталау сабағы
Мақсаты: Білімділік: есептер шығару арқылы формуланы дұрыс қолдана білуге қалыптастыру;
Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін кеңейту, математикалық тілін және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: сабаққа оқушылардың өз еркімен белсене араласуы, білімдерін көрсете алуы, топпен ұйымдасып жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.
Сабақ түрі: практикалық
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық.
Сабақ барысы:
III. Ұйымдастыру.
1) оқушыларды түгендеу;
2) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
3) сабаққа назарын аудару;
4) сабақтың мақсаты мен міндетін баяндау;
5) сынып оқушыларын 4 топқа бөлу
IV. Үй тапсырмасын тексеру.
4 топтан 4 оқушыдан тақтаға шығарып үй тапсырмасын тексеру.
3х² – 6х = 0
9х ² – 12х + 4 = 0
3x ² - 2х + 7 =0
2y ² – 9у + 10 = 0
V. Топтармен жұмыс
1) Теориялық жұмыс ( әр топқа теория сұрақтары жазылған слайд ашылады)
1 топтың тапсырмасы:
1. Қандай теңдеу квадрат теңдеу деп аталады?
2. Квадрат теңдеудің неше түбірі бар?
3. Квадрат теңдеудегі а, в, с – сандары қалай аталады?
4. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
5. Толымсыз квадрат теңдеу дегеніміз не?
2 топтың тапсырмасы:
1. Квадрат теңдеудің формуласын жаз
2. Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын жаз
3. Келтірілген квадрат теңдеудің формуласы.
4. Квадрат теңдеудің нақты түбірлері неге байланысты?
5. D>0, D=0, D<0 болғанда, неше түбірі бар?
3 топтың тапсырмасы:
Квадраттық теңдеуде в жұп болғанда түбірдің формуласын жаз
Қандай квадраттық теңдеулердің түрлерін білесіңдер?
Кестені толтырыңдар
теңдеу -------------------------- толық ----- толымсыз ---- келтірілген
7х ² + 9х + 2 = 0
6х² + х = 0
ах² – 1 = 0
У² – 3у – 4 = 0
(2х – 1) ² = 0
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 16.33 Kb |
Количество скачиваний: | 13 |