Математика сабағы 1 сынып
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Шахарова Катима Маликовна
|
Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы.
Сабақтың мақсаты: 10 санының құрамымен оқушыларды таныстыру. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, білім алу қажеттілігін ұғындыру.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық.
«Достар» психологиялық жаттығуы арқылы көңіл – күй орнату. Топта отырған оқушылар бір қолдарын парта ортасына біріктіріп, бір-біріне іштей жақсы тілектер тілейді.
І.Қызығушылықты ояту.
- Балалар бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес. Біздерге қонақтар келіп отыр. Сендердің білімдеріңді байқағылары келеді және олардың сендерге бір өтініші бар: «Бір жерде үлкен қазына, байлық бар екен, соны тауып берсеңіздер» - дейді. Ол қайда болуы мүмкін?
- Ғарыштан іздеп көрейік. Ол үшін зымырандарға отырамыз. Оқушыларды үш топқа бөліп тапсырма беріледі:
Бірінші топтың кемесі көк емес, екінші топтың кемесі қызыл емес, ал үшінші топтың кемесі сары да емес, қызыл да емес. Әр топ қандай кемемен ұшады?
(Жауабы: 1 топ – қызыл, 2 топ – сары, 3 топ – көк).
Экипаж басшылары сайланады. Оқушылар «кемелеріне» отырып «ұшуға» дайындалады.
- Кемелерге отырамыз.
- Қауіпсіздік белбеулерін тағамыз.
- Тетіктерді басамыз.
- 10-нан 1-ге дейін кері санаймыз.
- Ұштық!
- Бұл нелер?
(Күн жүйесінің суреті, планеталарсыз).
ІІ. Мағынаны тану.
- Біздерге бір хабар келді: «Егер біздерге көмектесіп, планеталарды орын-орнына орналастырсаңыздар көп байлыққа ие боласыздар! Бөгде планеталықтар».
Оқулықпен жұмыс.
№1 тапсырма.
Оқушылар бір-бірден тақтаға шығып орындайды. 10 санының құрамын анықтау. Бос торкөздерге тиісті сандарды қою керек.
10
9
10
8
10
3
10
6
10
5
Теңдіктер құр және оқы.
9+1=10 10-1=9 10-9=1
8+2=10 10-2=8 10-8=2
7+3=10 10-3=7 10-7=3
6+4=10 10-4=6 10-6=4
Тапсырма толық орындалғаннан кейін күн жүйесіндегі планеталардың орналасуы көрінеді.
-Міне көмектескендеріміз үшін біздерге Марс планетасына бір үлкен қап ақша тастап кетіпті. Бірақ осы байлықты алғысы келетін адам Марста қалу керек. Достарын ата-анасын ешқашан көрмейтін болады. Қаласыздар ма?
Мындағы байлық керек болмады. Онда жерден іздейік. Балалар «кемелеріне» отырып «ұшады».
Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы №3 тапсырманы дәптерге көшіріп орындау.
0<10 10см>8см 7<10 1см<1дм
10=10 1дм=10см 10>9 1см<10см
Сол кезде үш оқушыға жеке тапсырма беріледі.
Тиісті сандарды тауып қой:
8-5<4 8>10-6 10-5<9-3
Тапсырмаларды орындап болған соң, тақтада Африканың суреті шығады.
-Біздер Африкаға ұшып келіппіз ғой. Егер ата-аналарыңызды, достарыңызды ұмытып осында қалсаңыз, көп ақша байлыққа ие боласыздар. Қаласыздар ма?
Сергіту сәті.
-Ендеше ары қарай ұшамыз. Өз туған жерімізге келдік. Осында да бізге тапсырмалар бар:
10 санының құрамын анықтау.
10
2
6
3
5
4
Тапсырманы орындап болған соң, кілттің суреті шығады.
-Бұл ненің кілті болуы мүмкін?
-Қазір білеміз. Бұл үлкен сандықтың кілті екен. Сандықты ашайық.
(Сандықтың ішінде БІЛІМ сөзі жазулы тұрады).
-Сонымен біздер қандай байлық таптық? (Білім).
ІІІ. Ой – толғаныс.
Осы сабақта маған қызықты болғаны ...
Маған қиын болғаны ...
Үйге тапсырма.
Бағалау.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 46 Kb |
Количество скачиваний: | 10 |