Математика сабағында көрнекілікті пайдалану тиімділігі
Предмет:
Математика
Категория материала:
Другие методич. материалы
Автор:
Ибраева Салтанат Нургазиевна
Здесь была ссылка на работу Математика сабағында көрнекілікті пайдалану тиімділігі автора Ибраева Салтанат Нургазиевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.
Көруге болатынды - көрсету, есіте алатынды - естірту, сезіне алатынның бәрін -оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік туғызу.
Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.
Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын қамтамасыз ету.
Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады.
Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылады.
Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр-түсін байқап, көзімен көруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.
Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады.