Математика тақырыбы:"Жазбаша қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру,кестелік қосу, азайту дағдыларын бекіту.
Предмет:
|
Начальные классы
|
Категория материала:
|
Конспекты
|
Автор:
|
Бекмагулова Гульмира Ихсановна
|
Здесь была ссылка на работу Математика тақырыбы:"Жазбаша қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру,кестелік қосу, азайту дағдыларын бекіту. автора Бекмагулова Гульмира Ихсановна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Білімділік мақсаты: Жазбаша қосу және азайту тәсілдерімен таныстыру, кестелік қосу, азайту дағдыларын бекіту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілеттерін, ойлау, есте сақтау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, кітап оқуға деген ынтасын, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Слайдтар, флипчарт, ойын
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ.
Сабақ әдістері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік, ойын, мультфильм.
Сабақ барысы: I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
Сәлем, алтын күнім менің,
Сәлем, аспан көгілдір!
Сәлем, жақын досым менің,
Қуанышты күн бүгін!
II. Үй тапсырмасын сұрау
Жеке оқушылардан ауызша сұрап, бағалау.
III. Бекіту
Математикалық диктант
3онд. 5бірл. тұратын сан,
4онд. 2бірл. тұратын сан,
7онд. 9бірл. тұратын сан,
20мен8дің қосындысының мәні,
67мен7нің айырмасының мәні,
9бен10ның қосындысының мәні.
Тексеру: Жеке оқушылардан сұрау.
III. Мағынаны тану
1. Жаңа сабақты түсіндіру
- Кестедегі сандарды оқы.
Алгоритмге машықтандыру
1. Жазамын...
2. Бірліктерді... қосамын
3. Ондықтарды... қосамын
4. Қосындының мәні...
2. Түсіндірмелі жаттығу
3 - мысал
3. Қызығушылықты ояту (Мультфильм)
- Балалар, ертегі тыңдағыларың келе ме?
- Түлкі орманда келе жатса, бір аттылы кісі шанасымен өзенге қарай бет алғанын көреді. Зып беріп артынан бақылап қарап еді, шал өзеннен бір қап балық аулап алды. Сонда түлкі шалды алдап соққысы келіп, өтірік өлген болып жолға жата қалады. Түлкіні көрген шал:
- Міне олжа деп осыны айт, кемпіріме апарып берейін тонына жаға етіп алсын,- деп түлкіні шанасына салып алады. Түлкіге де керегі сол еді, шанадағы балықтарды біртіндеп жерге тастай береді де, өзі де түсіп қалады.
Түлкі шалды алдап соққанына мәз болып, балығын санауға кіріседі.
- Түлкіде неше балық бар екен?
Қане есептейік.
4. Есептер шығару
5 - есеп
Түлкіде 25 шабақ және одан 5 - еуі артық сазан бар. Түлкіде барлығы неше балық бар?
- Не белгілі?
– Есептің сұрағы қандай?
5. Сергіту минуты
6. Логикалық есеп
Түлкі балығын енді жей бергенде, алдынан қасқыр шыға келеді:
- Ау, Түке, мұнша балықты қалай бір өзің жемексің? Ескі дос едік қой, маған да бөліп берсең қайтеді?
- Жарайды, Қасеке!«Өле жегенше, бөле же деген»ғой:
- Біреуі саған, екеуі маған, үшеуі саған, төртеуі маған...
Қасқыр Түлкі
1, 3, 5, 7, 9. 2, 4, 6, 8, 10.
- Түлкі балықты қалай бөлді, есептейік.
- Балық тең бөлінді ме?
7. Ойын «Балық аулау»
- Олай болса қасқыр мен түлкіге балық аулауға көмектесейік.
Балықтардың артында жазылған тапсырмаларды орындау.
IV. Ой толғаныс
- Бүгінгі сабақта не үйрендік?
- Жазбаша қосу, азайту алгоритмі қандай екен?
- Ертегі ұнады ма?
- Түлкіге қандай ақыл айтар едіңдер?
V. Үйге тапсырма беру
№4 - мысал 145 - бет
VI. Бағалау
Тип материала:
|
Документ Microsoft Word (docx)
|
Размер:
|
14.52 Kb
|
Количество скачиваний:
|
11
|
Просмотров: 111
Похожие материалы