Математикадан "Миллиондар класы. Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру" сабағының жоспары
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Рахметжанова Анар Амангельдиновна
|
Тақырыбы:Миллиондар класы. Көп таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Мақсаты: оқушыларда «класс» деген түсінікті қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи және жаза білу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру; есептеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: аралас сабақӘдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік
Көрнекілігі: суреттер, сызбалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.
Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 6.
ІІІ. Тірек білім, білік және дағдыларын белсендіру.
1). Көркем жазу. 5, 9, 0 цифрларын пайдалана отырып, үш таңбалы сандарды жаз (509, 590, 950, 905) санды жазыңдар. Қандай сандар жаздыңдар? Ең үлкен, ең кіші сандарды ата.(509, 950). Бұл сандар қай класқа жатады? Бірінші кластың разрядтарын атаңдар (жүздік, ондық, бірлік). Бірінші класты басқаша қалай атауға болады? (бірліктер класы)
ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Ауызша жұмыс. - 999 999 – дан кейінгі келесі санды атаңдар.
- 1 000 000 – миллион. Миллион санын қалай жазу керек?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 28.26 Kb |
Количество скачиваний: | 48 |