Мектеп кітапхана ісі жөніндегі әдістемелік құралдар

Предмет: Обществознание
Категория материала: Презентации
Автор:
Жалпы мектептер үшін кітапхана деген не? Мектеп кітапханасының ең басты атқаратын қызметі – оқу-білім үрдісін оқулықпен, әдістемелік құрал, әр саладағы әдеби кітаптармен қамтамасыз ететін және кітапхана нормасы мен ережесіне сай жұмыс атқаратын мектептің құрылымы. Мектеп кітапханасының өзгешелігі мен ерекшелігі де осында. Балалар алғаш кітаппен жұмыс істеуді мектептен үйренеді. Ал кітапханашының міндеті-оқуға, кітапқа құмарлығын арттыру, кітапты қадірлей білуге үйрету. Кітапханадағы әр кітапқа қарап, олардың оқырмандардың қолында көп пайдаланғандығын, болмаса кітап сөресінде қозғалыссыз тұрғанын байқап. Кітап қорының жағдайын оқырман формулярының мазмұнына қарап кітапхана жұмысының қандай екенін аңғаруға болады. Кітапхана мәдени, рухани ақпарат орталығы болғандықтан бүгінгі атқаратын рөлі зор. Болашақ бүгіннен басталады. Сондықтан мектеп кітапхана жұмысына ерекше назар аударып, кітапхана қызметін дұрыс ұйымдастыру, жоспарының мазмұнын нақты құру, есеп беру және қандай нормативтік құжаттарды пайдалану керектігін дұрыс жолға қою керек.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 147 Kb
Количество скачиваний: 154
Просмотров: 320

Похожие материалы