Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кітапхананың қосар үлесі.docx

Предмет: Химия
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
  Мектеп кітапхана – біздің рухани құндылығымыз, теңдесіз байлығымыз, өйткені өткен заман өрнектеріндей тарихты да, әдебиетті де, басқа ғылым кереметтерінде содан табамыз. Сондықтан, біз, мектеп кітапханашылары білімнің басталуы – кітап дей отырып, кітап мәртебесін көтерумен бірге мектептегі жаңалықтың жаршысы, елімізде болып жатқан әрбір уақиғалардың насихатшысы екендігімізді де көрсетуіміз керек. Бүгінгі шәкірт ертеңгі ел тұтқасы екенін ескерсек, мектеп оқушыларының сапалы білім, дұрыс тәрбие алуына мектеп кітапханасының берері мол. Болашақ мамандардың көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына кітапхананың тигізер әсері мол.  Өйткені, тәрбие мен тәлім – егіз. Ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа мектеп жолын кітапханадан табамыз. Мектеп кітапханасы  өз жұмысын әр уақытта мектептегі тәрбие жұмысының меңгерушісі мен  бірігіп  жоспар жүргізіп отырады. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кітапхананың қосар үлесі зор. Қазіргі замануи технологияның қарыштап дамыған заманында кітапхананың назардан тыс қалмай, әрдайым оқырман назарында болып, соларға мінсіз қызмет ету, кітапқа,  мерзімді басылымдарға деген қызығушылығын арттыру, сонымен бірге әлем әдебиеті мен мәдениетін насихаттау, өз отанымыздың тарихын, мәдени мұрасын, салт-дәстүрін, зиялы өкілдерінің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Көпшілік жұмыстарды ұйымдастыруда ашық сабақтар өткізу барысында топ жетекшілерімен, өндірістік оқыту шеберлеріне көмек беріп, ақпарат көздерін табу және оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге, соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету басты міндетіміз. Бүгінгі күні жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. Оқушылармен жұмыс жасай отырып, кітапқа деген қызметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру, оларға кітаптармен жұмыс жасай білуді үйрету – кітапхананың негізгі міндеттерінің бірі. Кітапханада осы бағытта бірталай жұмыс атқарылуда. Кітаптар, мерзімді баспасөз мақалаларының картотекасы енгізіліп, оқытушы мен оқушылар картотекасының тиімділігін біліп, үнемі қолдануда. Мектептегі тәрбие ісінің меңгерушісімен бірігіп өткізген іс-шараларға тоқтала кетсек: 2013жылы жерлес ақын ағамыз Қадыр Мырза Әліге арналған «Қадыр ақын» атты тәрбие сағаты, «Болу үшін жаралған туған жердің жырауы» кітап көрмесі ұйымдастырылды. 2013 жылы кітапханада  Көркем әдебиет оқисың ба? тақырыбында пікір алмасу,оқушылар өз ойларын ортаға салды.   2013 жылы «Туған өлкем-Оралым» атты тәрбие сағаты болды 4 сыныпта.     2013 жылы «Бір ел-бір кітап«акциясы аясында Фариза Оңғарсынованың «Дауа»         шығармасын  насихаттау мақсатында «Поэзия падишасы» атты өлеңіне арналып        мәнерлеп оқу  сайысы болды.  2013 жылы  қазан айында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдығына орай    мектеп кітапхансында  «Қазақ поэзиясының жұлдызы» -атты тәрбие сағаты өтті.  2013 жылы  желтоқсанда  жерлес  жазушымыз Хамза Есенжановтың 105  жылдығына  орай «Туған жер» тақырыбында әдеби кеш өтті.  2014 жылы  ақын  Мұқағали Мақатаевқа  арналған «Ақиық ақын- Мұқағали »    атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.  2014 жылы «Бір ел-бір кітап«акциясы аясында Сайын Мұратбековтің  «Жусан     иесі» шығармасы бойынша кеш ұйымдастырылды. 2014 жылы «Кітап –ақылшы досың» атты оқушылар арасында сайыс өткізілді. Осы шараларға оқушылар белсене араласып, кештерді өздері жүргізіп, жақсы әсерде қалды. Әдеби – поэзия кештері оқушыларды отансүйгіштікке, эстетикалық,рухани  адамгершілік, табиғатты аялау қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен қатар мектеп кітапхана  мүшелеріде жұмыс жасайды. Кітапхана мүшелері  1-11 сыныптар аралығында тоқсан сайын  кітап тексеру рейдтерін жүргізіп отырады. Кітапхана мүшелері  кітапхана жұмыстарына белсене қатысып, іс – шара өткізуге  де көмек береді. Кітапханалық бөллетень шығаруға, кітапханалық плакат шығаруға, кештер өткізуге, кітаптарды өңдеу жұмыстарына көмек көрсетеді. Кітапханамызда оқырман саны жылдан-жылға артуда. Мектеп кітапханасы тұрақты көрмелермен, стендтермен безендірілген. «Елі сүйген, елін сүйген  Елбасы», «Әлем таныған – Қазақстан», «Жолдаудың жарқын жолдары»,«Рәміздерім – мақтанышым», «Заңды білу – заман талабы», «Тіл – ұлттың тағдыры, халық үні», «Бала және оның құқығы», «Салауатты өмір салты»,  «Жайық өрендері – өнер өрінде», «Х. Есенжанов – талантты қаламгер, қайсар азамат», «Тамшысы шипа Шалқарым...»,«ЭКСПО-2017«халық аралық  көрме фото стенд, «Кітап ережелері»-атты стендтер мен безендірілген. Жас ұрпақтың бойында патриоттық, әділдік, бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы өте зор. Оқушыларды тәрбиелеу кітапхананың босағасын аттағаннан басталады. Сонымен қоса кітапхананың ішкі безендірілуі талапқа және талғамға сай болуын қамтамасыз етіп, оқушы кітапхана бөлмесіне кіргенде мәдени орталық екенін сезінсін деп жұмыстанудамыз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 143.07 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 111

Похожие материалы